| Махаббат тәлкегі | |
| Ирония любви | |
| | |
| Жанры | романтикалық комедия |
|---|---|
| Режиссёрі | Ержан Рүстембеков, Александр Черняев |
| Продюсері | Ренат Дәулетияров, Ермек Аманшаев, Александр Котелевский |
| Сценарийдің авторы | Ержан Рүстембеков, Данияр Күмісбаев |
| Басты рөлдерде | Әсел Сағатова, Алексей Чадов |
| Операторы | Дмитрий Мальцев |
| Сазгері | Аркадий Укупник |
| Кинокомпания | Қазақфильм, Интерфест |
| Ұзақтығы | 82 мин. |
| Бюджеті | 2 млн. $ |
| Кассалық түсімі | 4 млн. $ |
| Мемлекет |
|
| Тілі | орыс |
| Шыққан жылы | 2010 |
| IMDb | |
«Махаббат тәлкегі» — толық метражды көркем фильм. 2010 ж. Қазақфильм мен Интерфест киностудиялары шығарған.
Сюжет
Фильм Әсел атты аса келбетті бойжеткен жайында. Ауқатты күйеу жігіттің арқасында Әселді қоғамның бетке ұстар қаймақтары әрдайым өз қатарларына қосып, өздерімен тең көреді. Алайда ол бұл ортада өз жетістіктерінің арқасында сыйлы болғысы келеді. Оған бұл жолда оның құрбысы Женя қол ұшын созбақ болып, ол үшін бір ғана шарт қояды. Әсел дәмханаға алғаш кіріп келген жігітті өзіне ғашық етуі тиіс болады. Ол адам - өмірі жолы болмайтын оқымысты Иван болып шығады. Анасынан басқа ешкімді елемейтін оқымысты жігітті өзіне ғашық етемін деп оқталған бойжеткен, оған өзі қалай ғашық болып қалғанын білмей қалады. Ақырында алғашқы шынайы махаббаты үшін үйлену тойының үстінде дәулетті күйеу жігітін тастап кетеді.
Рөлдерде
- Иван — Алексей Чадов
- Әсел — Әсел Сағатова
- Әлік — Ерік Жолжақсынов
- Иванның анасы — Ирина Розанова
- Женя — Ольга Орлова
- Маша — Наталья Рудова
- Анжела — Марина Черняева
- генерал — Гоша Куценко
- Бибігүл — Қарлығаш Мұхамеджанова
- Андрей — Виталий Герасимов
- Алфавит бойынша фильмдер
- 2010 жылғы фильмдер
- Қазақфильм фильмдері
- Орыс тіліндегі фильмдер
- 2010 жылғы Қазақстан кинокомедиялары