Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

"Денсаулық" – қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылым-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен республикал

Денсаулық журналы

  • Басты бет
  • Денсаулық журналы

"Денсаулық" – қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылым-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен республикалық кәсіподақтар кеңесінің басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. «Денсаулық» ЖШС-не айналды. Журнал қазіргі заманғы медицина проблемаларына, әсіресе, аса көп тараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы, биосферада экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы (Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда) радиация кесапаты журналдың негізгі тақырыбына айналды. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен беріледі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 07, 2026

    Урал (өзен)

  • Сәуір 05, 2026

    Мединелік сүре

  • Сәуір 05, 2026

    Жаңа Зеландия

  • Маусым 03, 2026

    Талас құрылтайы

  • Сәуір 28, 2026

    Жыл мезгілдері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары