Маңғыстау – Маңғыстау облысындағы ауыл (1966-2005 жж. кент), Мұнайлы ауданы мен Маңғыстау ауылдық округінің орталығы, теміржол бекеті.
| Ауыл | |
| Маңғыстау | |
![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Аудан орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Маңғыстау |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°41′44″ с. е. 51°19′34″ ш. б. / 43.69556° с. е. 51.32611° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°41′44″ с. е. 51°19′34″ ш. б. / 43.69556° с. е. 51.32611° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Бұрынғы атаулары | Маңғышлақ |
| Жер аумағы | 30,63 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 34 679 адам (2023) |
| Тығыздығы | 1132 адам/км² |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 12 |
Маңғыстау шекарасы | |
Тарихы
Іргесі 1966 жылы Ақтау – Бейнеу темір жолын салуға байланысты қаланған.
Географиялық орны
Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Халқы
| 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|---|---|---|
| 4351 | ▲7611 | ▲10703 | ▲12433 | ▲14818 | ▲33141 |
Инфрақұрылымы
Мұнда Маңғыстау мұнай-газ АҚ-ның 4 мекемесі, Атырау тасымалдау бөлімшесіне қарасты мекемелер бар. Агроөнеркәсіптік су шаруашылығы, жол құрылысы материалдарының комбинаты, мұнай өнімдерінің базалары орналасқан. Ауылда 4 мектеп, орталық аудандық емхана, емхана, жедел жәрдем және дәрігерлік амбулатория бар.
Галерея
- Шағынмаркет Мунайлы
- Шағынмаркет Маңғыстау
- Маңғыстау
- Маңғыстау
- Бақ-Сарай мейрамханасы
- Маңғыстау


