| Мексика шығанағы ис. Golfo de México, ағылш. Gulf of Mexico, фр. Golfe de Mexique | |
| Мексика шығанағының 3д көрінісі | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 1 543 000 км² |
| Көлемі | 2 332 000 км³ |
| Тереңдігі | 3800 м |
| Орташа тереңдігі | 1615 м |
| Орналасуы | |
| 25°22′00″ с. е. 90°23′00″ б. б. / 25.3667° с. е. 90.3833° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 25°22′00″ с. е. 90°23′00″ б. б. / 25.3667° с. е. 90.3833° б. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер | |
Мексика шығанағы (ис. Golfo de México, ағылш. Gulf of Mexico, фр. Golfe de Mexique, 2025 жылдан бастап АҚШ-та ағылш. Gulf of America — «Америка шығанағы») — Атлант мұхитына қарасты, Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы су денесі. Ауданы 1555 мың шаршы километрді құрайды, суының көлемі 2332 мың километр куб. Мексика шығанағына Миссисипи, Рио-Гранде секілді басқа да өзендер құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (АҚШ), Хьюстон (АҚШ), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).
- Алфавит бойынша шығанақтар
- Мексика шығанағы
- Атлант мұхиты шығанақтары