
Микки Маус (Микки тышқан ағылш. Mickey Mouse) – Уолт Дисней компаниясының, жалпы америка поп-мәденитетінің символы болып табылатын мультипликация кейіпкері.
Миккидің ресми «туған күні» – 1928 жыл 18 қараша. Осы күні Микки «Пароходик Вилли» атты мультфильмде көрінеді, алайда бұдан алдын «Plane Crazy» атты қысқаметражды мультфильмде де бейнеленген болатын. Тышқан жіңішке дауыспен сөйлейді.
- 1946 жылға дейін Миккиді Уолт Диснейдің өзі дыбыстады ал кейін шылым шегуден туындаған созылмалы жөтелден кейін дыбыстауды тоқтатты. Дисней компаниясы бұл жұмысты Джим МакДональдқа береді.
- 1983 жылдан 2009 жылға дейін Микки Маусты Уэйн Оллвайн дыбыстаған.
Санаттар:
- Мультфильмдер кейіпкерлері
- Дисней мультфильмдері кейіпкерлері
- Ойдан шығарылған тышқандар
- Ойдан шығарылған сөйлейтін жануарлар
- Сезар сыйлығының иегерлері
- Голливуд Даңқ аллеясы
- Kingdom Hearts кейіпкерлері
- Компьютерлік ойындар кейіпкерлері