Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Миссури (ағылш. Missouri), жергілікті үндістердің тілінде «суы лай өзен») — Солтүстік Америкадағы өзен. Миссисипидің ірі (оң) саласының ұзындығы 4740 км, алабы

Миссури (өзен)

  • Басты бет
  • Миссури (өзен)
 Басқа мағыналар үшін Миссури деген бетті қараңыз.

Миссури (ағылш. Missouri), жергілікті үндістердің тілінде «суы лай өзен») — Солтүстік Америкадағы өзен. Миссисипидің ірі (оң) саласының ұзындығы 4740 км, алабы 1370 мың км2 (оның 10 мың км2Канада жерінде). Орташа су ағымы 260 м3/с. Ірі салалары – Йеллоустон, Платт, Канзас.

Миссури
Mіssourі
Миссури өзені
Миссури өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 4740 км
Су алабының
ауданы
1370 км²
Су ағысы
Бастауы Джефферсон, Галлатин және Мадисон өзендерінің қосылысы
 • Биіктігі 2752 м
 • Координаттары 45°55′39″ с. е. 111°30′29″ ш. б. / 45.92750° с. е. 111.50806° ш. б. / 45.92750; 111.50806 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Тынық мұхит
 • Координаттары 38°48′49″ с. е. 90°07′11″ ш. б. / 38.81361° с. е. 90.11972° ш. б. / 38.81361; 90.11972 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°48′49″ с. е. 90°07′11″ ш. б. / 38.81361° с. е. 90.11972° ш. б. / 38.81361; 90.11972 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел АҚШ
Аймақ Монтана, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Небраска, Айова штаттары

Мазмұны

Бастауы

Джефферсон және Мадисон өзендерінің қосылған тұсынан басталып, жоғарғы ағысында Сеңгір тау шатқалдарымен сарқырамалар жасап ағып, Миссури үстіртімен қиылысады.

Төменгі ағысы Орталық жазықтағы кең аңғармен жайылып ағады.

Гидрологиясы

Миссури қар, жаңбыр суымен толығады. Деңгейі жиі өзгеріп тұрады. Көктемгі жаңбырда 8 – 12 метрге көтеріліп, су ағымы 19000 м3/с-қа жетіп, күшті тасқын болып тұрады.

Өзен суы көп мөлшерде тосқындар алып келеді (жылына 220 миллион тонна). Суы өте лай.

Маңызы

Ірі бөгендері – Форт-Пек, Гаррисон, Оахе кешенді түрде (су ағыстарын реттеу, суару жүйесін дамыту, кеме қатынастарын жақсарту бағытында) пайдаланылады. Ірі өзен кемелері Су-Сити қаласына, шағын кемелер Форт-Бентон қаласына дейін бара алады.

Жағалауындағы ірі қалалары мен порттары – Омаха, Канзас-Сити.

Сілтемелер

  Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 22, 2026

    Мейоз

  • Сәуір 06, 2026

    Ұлан ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Балқу температурасы

  • Сәуір 03, 2026

    Тайыр Жомартбаев

  • Наурыз 14, 2026

    Климаттық белдеулер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары