Солтүстік Дакота (ағылш. North Dakota, [ˌnɔrθ daˈkoʊtə]) — АҚШ-тың солтүстік орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлігі, солтүстік-батыс орталықтың штаттарының бірі. Халқы — 723 393 адам (2013 жылғы мәлімет бойынша штаттар арасында 48-орында; АҚШ халқының 0,21%). Оның ішінде әйелдер — 50,1%, ер адамдар — 49,9%. Этникалық құрам: немістер – 43,9%, норвегиялықтар – 30,1%, ирландиялықтар – 7,7%, үндістер, шведтер, британдық және француздардың әрқайсысы – 5%. Кейбір қалалар мен аудандарда 10–30% дейін.
| АҚШ штаты | |||||
| Солтүстік Дакота | |||||
| |||||
| |||||
| Астанасы | Бисмарк | ||||
| Ең ірі қаласы | Фарго | ||||
| Тұрғыны | 723 393 (2013 жыл) 48−орын (АҚШ б-ша) | ||||
| - тығыздығы | 3,73 адам/км² | ||||
| Ауданы | 19−орын | ||||
| - барлығы | 183 272 км² | ||||
| - су беті | 4432 км² (2,4 %) | ||||
| - ендік | 45°55' с. е. бойынша 49°00' с. е., | ||||
| - бойлық | 96°33' б. б. бойынша 104°03' б. б., | ||||
| Теңіз деңгейінен биіктігі | |||||
| - максимал биіктігі | |||||
| - орташа биіктігі | |||||
| - минимал биіктігі | |||||
| Губернаторы | Даг Бёргам | ||||
| Вице-губернаторы | Брент Санфорд | ||||
| Заң шығару органы | |||||
| - жоғарғы палатасы | |||||
| - төменгі палатасы | |||||
| Ресми сайты: | nd.gov | ||||
Мемлекеттік астанасы — Бисмарк. Штаттағы ең үлкен қала — Фарго, басқа ірі қалалары қатарында Гранд Форкс, Мино бар.
Штат аумағында АҚШ әскери-әуе күштерінің екі базасы бар: Миноттан 21 километр солтүстікте орналасқан Мино және Гранд Форкстан батысқа қарай 26 километр жерде.
