Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мұз басуға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігіндегі мұздықтар, ұзақ жылдар жатқан қар, су беті, жер асты, қайраңдық мұздар, мұхиттардың ықпа мұздары жата

Мұз басу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұз басу — Жер бетіндегі барлық табиғи мұздықтар жиынтығы.

Мұз басуға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігіндегі мұздықтар, ұзақ жылдар жатқан қар, су беті, жер асты, қайраңдық мұздар, мұхиттардың ықпа мұздары жатады. Мұз басу жербетілік, теңіздік, жерастылық болып бөлінеді. Жербетілік Мұз басу құрлықта, теңіз жағалауларында (қайраңдарда) ондаған, жүздеген мың жылдар бойында жинақталады, қардың қайта кристалдануынан, еріген судың қатуынан пайда болған атмосфера фирні (мұз қары) мен мұздың табиғи шоғыры болып саналады. Жербетілік Мұз басуға ғасырлық орташа темп-раның 5 – 7 °С-қа төмендеуі және осыған сәйкес климат ылғалдылығының артуы себепші болады. Температураның осындай ауытқуына байланысты Мұз басуға полюстік және қоңыржай ендік аймақтары ұшырайды. Жербетілік Мұз басужамылғылық, таулық болып ажыратылады. Теңіздік Мұз басу – ұзақ жылдар бойы жүзуші мұздар және бұлармен байланысты процестер мен құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Олар өздігінен немесе құрлықтағы Мұз басуға байланысты пайда болады. Бірінші түріне Солтүстік мұзды мұхиттың мұз жамылғысы, оңт. жарты шардың ықпа мұздары, ал екінші түріне қайраң мұздықтары, мұзтаулар жатады. Жерастылық Мұз басу көп жылдар бойы қатып жатқан тау жыныстары аймағын қамтиды. Жер қыртысының жоғ. бөлігінің 0ӘС-тан төмен суынуына байланысты Мұз басу жер тарихында протерозойда, палеозойда (карбон, төм. пермь), кайнозойда (антропоген) орын алған. Жер бетінде Мұз басу кең тараған. Мысалы: Кавказ, Памир, Альпі тауларында, Антарктидада, Гренландия, Шпицберген ар-ры. Соңғы Мұз басу антропоген дәуірінде (б.з.б. 11 – 9 мыңжылдықта) Солтүстік Еуропа мен Солтүстік Америкада, шағын Мұз басу Солтүстік Азияда болған.

Қазақстандағы қазіргі мұз басу географиясы

Қазақстандағы қазіргі мұз басу географиясы
Мұз басу аймағы Мұздықтар саны Мұздықтар ауданы, км2 Мұз көлемі, км3
Қазақстан Алтайы 328 90 4
Сауыр 18 17 1
Жетісу Алатауы 1369 1000 46
Тянь-Шань 1009 857 49
Жоғары