Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстанда Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға кө

Мөңке балық

  • Басты бет
  • Мөңке балық

Мөңке (лат. Carassius carassius) — тұқы тұқымдасына жататын балық.

Мөңке балығы


Қазақстанда Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады.

Ұзындығы 35 – 38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3 – 4, аталығы 2 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр – маусым айларында су температурасы 17 – 18 °C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, зообентоспен және өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.

Мөңке балық - тұщы су тұқы балықтар туысына жатады. Ұзындығы 45 см, салмағы 3 кг. Арқасы қара-қоңыр, денесінін екі жағы алтын түстес, жыныстық жетілуі 4-5 жылға созылады. Өсімталдығы, 300 мың уылдырық шашады. Планктонмен, жәндіктер дернәсілдерімен, өсімдікпен ректенеді. 2 түрі бар: алтын мөңке және бозша мөңке. Еуразия қоймаларында таралған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Омбы облысы

  • Сәуір 05, 2026

    Биологиялық тотығу

  • Сәуір 06, 2026

    Дене тәрбиесі

  • Сәуір 07, 2026

    Мәриям сүресі

  • Сәуір 08, 2026

    Семсер балық

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары