Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Натан Ли Гэмбл (ағылш. Nathan Lee Gamble; 12 қаңтар 1998, Такома, Вашингтон) — америкалық актёр, режиссёр, сценарийші.

Натан Гэмбл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Натан Гэмбл
Nathan Gamble
Сурет
«Барут» автодромындағы «Батырдың жүрегі» фильмінің түсіріліміндегі Гэмбл, Кливленд, 2010 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Натан Ли Гэмбл

Туған күні

12 қаңтар 1998 (1998-01-12)(28 жас)

Туған жері

Такома, Вашингтон, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

2006 жылдан бері

IMDb

ID 1997480

nathan-gamble.com

Натан Ли Гэмбл (ағылш. Nathan Lee Gamble; 12 қаңтар 1998, Такома, Вашингтон) — америкалық актёр, режиссёр, сценарийші.

Киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады. Оның дебют фильмі «Вавилон» көркем фильмі болды және осы фильмдегі рөлі үшін 2007 жылы Жас Әртіс Марапатының номинанты атанды.

Өмірбаяны

Гэмбл 1998 жылғы 12 қаңтарда, Вашингтон штатының Такома қаласында дүниеге келді.

Оның ата-анасы балалар үйірмесінің театырында режиссёр болып жұмыс жасайды. Ата-анасы: Кристи Гэмбл (ағылш. Christy Gamble) және Грэг Гэмбл (ағылш. Greg Gamble). Оның бір үлкен тәтесі — Даниэль Сумида (ағылш. Danielle Sumida) және бір кіші қарындасы — Лора Гэмбл (ағылш. Laura Gamble) бар.

Мансабы

Ол киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады Оның ең алғашқы фильмі 2006 жылы Вавилон көркем фильмі болды. Осы көркем фильмінен кейін оған әртүрлі танымал режиссёрлардан киноға түсуге шақыртулар келе бастады. Осы кез оның кино саласындағы мансабы шарықтап тұрған кез еді. Себебі, ол танымал режиссёрлардың фильмдерінде танымал актёрлар мен актрисалармен түсті. Қазіргі күнге дейін ол 43 әртүрлі фильмдерге, сериалдарға, қысқа фильмдарға, телешоуларға түсті.

Ол өзінің ең алғаш басты рөлін 2011 жылы Дельфин оқиғасы фильмінде ойнады. Ол фильмде жағажайда жараланған Уинтер атты дельфинді тауып алған Сойер атты баланы ойнады. Бұл көркем туындының жалғасы 2014 жылы жарық көрді. Екінші бөлімінде Уинтер есімді дельфиннің қасына тағы бір ұрғашы дельфин қажет болған. Өйткені, заң бойынша дельфиндерді акуариумде жалғыз ұстауға болмайды.

Сондай-ақ ол 2011 жылғы Батырдың жүрегі деген фильмінде әкесі Ауғанстандағы соғыста күтпеген жерден қайтыс болған баланы ойнайды. 2014 жылы жарық көрген Дельфин оқиғасы 2 фильмінен кейін Натан киноиндустриясындағы өз белсенділігін бәсеңдетті. Ол осы жылдан кейін үлкен экранда өте сирек көрініп жүр.

Фильмдер тізімі

Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі Түрі
2006 Вавилон Babel Майк Джонс фильм
2006–2008 Босқындар Runaway Томми Рейдер сериал
2007 CSI: Қылмыс орны CSI: Crime Scene Investigation Кобе Фарентино сериал
2007 Ізсіз Without a Trace Кобе Фарентино сериал
2007 Диггерлер Diggers Бала қысқа фильм
2007 Түнек The Mist Билли Дрэйтон фильм
2007 Deeply Irresponsible телефильм
2008 Елестермен сөйлесуші Ghost Whisperer Эллиот Хейли сериал
2008 Құрғақ жаңбыр Dry rain Джоуи қысқа фильм
2008 Қара сері The Dark Knight кіші Джеймс Гордон фильм
2008 Дәрігер Хаус House M.D. Эван сериал
2008 Марли және Мен Marley & Me Патрик Гроган (10 жас) фильм
2009 Хэнк Hank Генри Прайор сериал
2009 Қақпа 3D The Hole Лукас Томпсон фильм
2010 Ауысқан Displaced Даниэль қысқа фильм
2010 Жеке тәжірибе Private Practice Коди сериал
2010 Сәттілік Чарли Good Luck Charlie Остин сериал
2011 Батырдың жүрегі 25 Hill Трей Колдвелл фильм
2011 Теңіз полициясы: Лос-Анджелес NCIS: Los Angeles Шон Колдер сериал
2011 Fetch Линни қысқа фильм
2011 Дельфин оқиғасы Dolphin Tale Сойер Нельсон фильм
2012 The Audition Риз қысқа фильм
2012 Қымбатты Дракула Dear Dracula Сэм (дыбыстау) фильм
2012 Менің барлық президенттерім All my presidents Франклин қысқа фильм
2012 The Frontier Сэмюэл Хейл фильм
2013 Голдбергтер The Goldbergs Гарри Бол сериал
2013 Мэрон Maron Бен сериал
2013 Аспаннан тыс Beyond the Heavens Оливер Генри фильм
2014 Дельфин оқиғасы 2 Dolphin Tale 2 Сойер Нельсон фильм
2014 Mike's Kooky Summer Режиссерлік жұмыс қысқа фильм
2015 CSI: Киберкеңістік CSI: Cyber Аарон Ситтер сериал
2016 Мэри+Джейн Mary+Jane Мэйсон сериал
2018 Swiped Даниил фильм
2019 The choice Ұл қысқа фильм

Марапаттары мен номинациялары

Жыл Жұмыс Марапат Нәтиже
2007 Вавилон Көркем фильмдегі ең үздік орындау үшін «Жас Әртіс» марапаты (он жасқа дейінгі жас актер) Номинация
Түнек Ең үздік екінші пландағы актер үшін «Fright Meter» сыйлығы Номинация
2008 Көркем фильмдегі ең үздік орындау үшін «Жас Әртіс» марапаты (он жасқа дейінгі жас актер) Номинация
2009 Марли және Мен Көркем фильмдегі ең үздік екінші пландағы жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты Номинация
Дәрігер Хаус Телехикаядағы ең үздік қонақ рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты Номинация
2012 Батырдың жүрегі Кинодағы ең шабыттандыратын орындау үшін «MovieGuide» сыйлығы Номинация
Дельфин оқиғасы Көркем фильмдегі ең үздік басты рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты Номинация
2015 Дельфин оқиғасы 2 Көркем фильмдегі ең үздік басты рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты Номинация
Жоғары