Тұрлан батыр, Асау-Тұрлан (1807 – 1856) – батыр, би, шешен. Атырау облысындағы Қызылқоға – Тайсойған өңіріне танымал тұлға. Шеркеш руының Қойыс атасынан шыққан. Асау бидің жалғыз ұлы болғандықтан халық Асау-Тұрлан деп те атаған. Бүкіл өмірі отарлау саясатына қарсы күреспен өтті. Махамбетпен пікірлес, үзеңгілес болған. Есет Көтібарұлы көтерілісі кезінде қызу қимылдайды. Іштерінде жүрген жансыздың хабарлауымен патша жазалаушы жасағының қолына түсіп, Орынбор түрмесінде қаза тапқан. Туған жері Қызылқоға, Сарыкөлге әкеліп жерлеген.
Санаттар:
- Атырау облысы тұлғалары
- Қазақ батырлары
- Қазақ би-шешендері