| болыс | |
| Ойыл болысы (Қазыбек) | |
| Уилская волость (Казбекская) | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | Адай уезі |
| Әкімшілік орталығы | жоқ |
| Тарихы мен географиясы | |
| Ресми тілдері | |
Ойыл болысы (Қазыбек) — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезі, Темір уезі және Қазақ АКСР-дағы Адай округінің әкімшілік бөліну бірлігі.
Әкімшілік бөлінуі
Болыста 3500 үй бар.
Халқы және тұрмысы
Ойыл өзенінің орта және төменгі ағысында қоныстанған. Болыстың төңірегінде Әлімұлы және Байұлылары тұрады. Бұлардың арасында көшпенділер жоқ. Халқының негізгі күнкөрісі — мал және егін шаруашылығы. Болыстың жер көлемі онша үлкен емес, бірақ құнарлы. Сондықтан көбіне Адай болыстары жерді пайдаланады. Көшпенділер жазда Үстірттің Ағды-Айрық, Шаған, Шағырай түлейі, Орталық және Оңтүстік Жемге, Атыжақсы, Жайынды, Құздысай, Сарыалтын, Мұғалжар, Жаманәлі, Әлітау, Бақыртау, Намазтау, Қаражар, Төрткілкөл, Шошқакөл, Доңызтау, Темір, Қарақобда уездерінің жерлеріне дейін жайлайды.
Әдебиет
- Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том
- Адай уезі болыстары