Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

({{м.а.}} 5 наурыз — 19 сәуір 2013)"},"Вице-президент":{"wt":"{{Collapsible list\n | title =\n | ''өзі''(нау–сәу 2013)\n | [[Хорхе Арреаса]](2013–2016)\n | [[Ар

Николас Мадуро

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Николас Мадуро
Nicolas Maduro
Николас Мадуро
Мадуро, 2023 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Венесуэла 49-президенті
Ту
Ту
19 сәуір 2013  3 қаңтар 2026
(м.а. 5 наурыз — 19 сәуір 2013)
Вице-президент
Тізім
  • өзі
    (нау–сәу 2013)
  • Хорхе Арреаса
    (2013–2016)
  • Аристобуло Истурис
    (2016–2017)
  • Тарық әл-Айссами
    (2017–2018)
  • Делси Родригес
    (2018–)
Ізашары Уго Чавес
Ту
Ту
Венесуэла біртұтас социалистік партиясының президенті
Ту
Ту
28 шілде 2014 жылдан бастап
Вице-президент Диосдадо Кабельо
Ізашары Уго Чавес
Ту
Ту
25-Вице-президент
Ту
Ту
13 қазан 2012  5 наурыз 2013
Президент Уго Чавес
Ізашары Элиас Хауа Милано
Ізбасары Хорхе Альберто Арреаса Монсеррат
Ту
Ту
Сыртқы істер министрі
Ту
Ту
9 тамыз 2006  16 қаңтар 2013
Президент Уго Чавес
Ізашары Әли Араке
Ізбасары Элиас Хауа Милано
Ту
Ту
Ұлттық ассамблеяның 3-төрағасы
Ту
Ту
5 қаңтар 2005  7 тамыз 2006
Ізашары Франсиско Амелияч
Ізбасары Силия Флорес
Ту
Ту
Ұлттық ассамблея депутаты
Ту
Ту
3 тамыз 2000  7 тамыз 2006
Сайлау округі Астаналық округ
Өмірбаяны
Партиясы Венесуэла біртұтас социалистік партиясы (2007 бері)
Бесінші Республика үшін қозғалыс (2007 дейін)
Дүниеге келуі 23 қараша 1962 (1962-11-23)(63 жас)
Каракас,Венесуэла төртінші республикасы
Туған кездегі есімі Николас Мадуро Морос
ис. Nicolás Maduro Moros
Жұбайы
Адриана Ангуло
(ажырасқан)

Силия Флорес
(үйл. 2013)
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Николас Мадуро Морос (ис. Nicolás Maduro Moros, [nikoˈlaz maˈðuɾo ˈmoɾos]; 23 қараша 1962 жыл, Каракас) — венесуэлалық саясаткер, 2013 жылдан 2026 жылға дейінгі Венесуэла президенті. Бұрын Мадуро 2012 және 2013 жылдары елдің 24-вице-президенті, 2006 мен 2013 жылдары аралығында Сыртқы істер министрі және 2005 мен 2006 жылдары Ұлттық ассамблея төрағасы болды.

Мадуро авторитар үкіметке басшылық етеді, оны дереккөздің біразы автократ, не диктатор деп те атады. 2013 және 2023 жылдар аралығында Венесуэла сөз бостандығы көрсеткіші бойынша елдер арасында 42 орын түсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Human Rights Watch есептеуінше Мадуро президенттігі кезінде Венесуэлада 20 000 адам сотсыз өлім жазасына кесілді, жеті миллион венесуэлалықтар Отанынан кетуге мәжбүр болды.

2026 жылғы қаңтарда Америка Құрама Штаттары Венесуэладағы бірқатар нысанға әуе шабуылын жасады. Әскери операция барысында АҚШ әскері Мадуро мен әйелін қамауға алып, Америка Құрама Штаттарына әкелді.

Ерте және өз өмірі

Николас Мадуро Морос 1962 жылғы 23 қарашада, Каракастағы жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Николас Мадуро Гарсия, белгілі кәсіподақ басшысы еді және 1989 жылғы 22 сәуірдегі жол апатында қайтыс болды. Оның анасы Тереза Хесус Морос Венесуэла шекарасындағы колумбиялық Кукута қаласында туған. Мадуро солшылкатоликтер отбасында тәрбиеленген. 2012 жылы The New York Times Мадуроның индуист гуру Сатья Саи Бабаның ерушісі болғанын және 2005 жылы сол гурумен Үндістанда кездескенін хабарлады. 2013 жылғы сұхбатта ол шежіресі жайлы айтқанда «ата-әжем еврей еді, қандары мавр еді. Олар католицизмді Венесуэлада қабылдады» деді.

Мадуро мен әйелі Силия Флорес, 2019 жыл

Мадуро — үйіндегі жалғыз ұл бала, төрт түрлі әпке-қарындасы бар: Мария Тереза, Хозефина мен Анита. Мадуро екі түрлі некеде тұрған. Бірінші ол Адриана Герро Ангулоға үйленген еді және олардың жалғыз баласы, ұлы Николас Мадуро Герро (не «Николасито») түрлі үкіметтік лауазымдарға тағайындалған еді. Мадуро кейін саясаткер және заңгер Силия Флореске үйленді. Флорес 2006 жылғы тамызда Мадуроның Ұлттық ассамблея төрайымы ретінде ізбасары еді. Олар Мадуро президенттігіне бірнеше ай болғанда, 2013 жылғы шілдеде үйленген еді. Екеуінің ортақы баласы жоқ, алайда Флорестің Уолтер Рамон Гавидияға некесінен үш баласы бар: Уолтер Джейкоб, Йосуэл мен Йоссер.

Ерте мансабы

Білім беру және одақ жұмысы

Мадуро бірнеше жыл бойы Каракас метрополитені компаниясында автобус жүргізушісі болды. Өзінің саяси мансабын ол 1980 жылдары ғана бастады, бұл кезде ол автобус жүргізушілерінің өкілі ретінде кәсіподақ мүшесі болған еді. Ол, оған қоса, 1983 жылғы сайлауалды кампаниясы кезінде Хосе Висенте Ранхельдің оққағары болып та жұмыс істей тұрды.

24 жасында Мадуро 1986 жылы Кубаға көшіп келген Оңтүстік Америкадағы солшыл ұйымдардың басқа содырларымен бірге Гаванада тұрып, жас коммунистер басқарған Escuela Nacional de Cuadros Julio Antonio Mella саяси білім беру орталығында бір жылдық курсқа қатысқан.

MBR–200

Уго Чавестің бостандығын талап етіп жатқан Мадуро, 2002 жыл

Карлос Пеньялозаның сөзінше, Кастро үкіметі Мадуроға Кубаның Барлау Басқармасында жұмыс істейтін «көртышқан» ретінде қызмет етіп, әскери мансабы өркендеп келе жатқан Уго Чавеске жақын болу тапсырмасын орындады.

1990 жылдардың бірінші жартысында ол MBR–200 қозғалысының мүшесі болды және Чавестің 1992 жылғы мемлекеттік төңкеріс әрекеттенгені үшін қамалуының тоқтағанын талап етті. Бұл онжылдықтың екінші жартысында ол 1998 жылы Чавестің президент болғанын қолдаған Бесінші Республика үшін қозғалыс құрушыларының бірі болды.

Ұлттық ассамблея

Мадуро венесуэлалық Депутаттар Палатасына 1998 жылы, Ұлттық Құрылтай Жиналысына 1999 жылы және Ұлттық ассамблеяға 2000 жылы депутат болып сайланды да, осылайша Астаналық округтің өкілі еді.

Венесуэла президенті

2013 жылғы сәуірде Мадуро президент болып сайланды. Ресми дерек бойынша ол қарсыласы Энрике Каприлесті одан 1.5% дауыс жинап ғана жеңді. Каприлес дауыстардың қайта саналғанын талап етті, Мадуроның президент болғанын мойындамады. 19 сәуірде Мадуроның тұңғыш инаугурациясы орын алды, бұл сайлау комиссиясының дауыс сандарын қайта қарап шығамыз деген уәдесінен кейін келді.

2017 жылғы қаңтарда Мадуро Эль-Хункитодағы рейд деп аталатын оқиғадағы венесуэлалық диссидент Оскар Перестің өлтірілуін қолдады. Халықаралық БАҚ пен бүкіл әлемдегі саясаткерлер мен азаматтар Эль-Хункитода болған оқиғаны қырғын деп сипаттады. Олар Мадуро мен оның үкіметін қатаң сынға алды.

2019 жылғы 10 қаңтарда президенттік мерзімі аяқталған Мадуро түрлі жақтардан қызметтен кет дегенді естіді. Ол, бұған қарамастан, өзін-өзі тағы бір инаугурациялады. Әлемдегі сын себебінен Ұлттық Ассамблея төтенше жағдай жариялады. Көптеген елдер Венесуэладан өз елшіліктерін алып тастады. Көпшілік оның сайлануын заңсыз деп санады, Мадуро елді де-факто диктатураға айналдырды деді.

2024 жылғы наурызда Мадуро сол жылы президенттікке үміткер болатынын жария қылды. Ол өзін сайлаудың жеңімпазы деп жариялады, алайда бұнымен оппозиция мен халықаралық қауымдастық келіспеді.

2026 жылғы 3 қаңтарда Америка Құрама Штаттары солтүстік Венесуэлаға, соның ішінде Каракасқа әуеден шабуылдады. Көп ұзамай, шамамен 3-ақ сағат ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп Мадуро мен әйелі Силия Флорестің ұсталғанын, АҚШ-қа әкетілгенін жариялады.

Ескертпелер

  1. Николас Мадуроның нақты туған жерінің қайда екеніне бірнеше адам бірнеше рет күмән келтірген, жоғары лауазымды шенеуніктер бұл жайлы да түрлі жауап береді. Оған қарамастан көптеген ақпарат көздері оның Каракаста дүниеге келгенімен келіседі.
Жоғары