Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ең жақсы көрінетін шоқжұлдыздардың бірі. Оны Орион белдеуі атты қатарынан орналасқан үш жұлдыздан тұратын астеризм арқылы оңай анықтайды.

Орион (шоқжұлдыз)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Орион деген бетті қараңыз.
Орион
лат. Orion (і. с. Orionis)
Қысқартылуы

Ori

Символы

Орион

Тура көтерілуі

4h 37m бастап  6h 18m дейін

Еңістігі

–11 бастап  +22° 50′ дейін

Ауданы

594 кв. градус
(26 орын)

Ендіктерде көрінуі

+79° бастап  67° дейін

Ең жарық жұлдыздары
(көрінерлік жұлдыздық шама < 3m)
  • Ригель (β Ori) — 0,12m
  • Бетельгейзе (α Ori) — 0,2—1,2m
  • Беллатрикс (γ Ori) — 1,64 — 4,25m
  • Альнилам (ε Ori) — 1,69m
  • Альнитак (ζ Ori) — 1,74m
  • Саиф (κ Ori) — 2,07m
  • Минтака (δ Ori) — 2,25m
  • Хатсия (ι Ori) — 2,75m
Метеор ағындары
  • Орионидтер
  • Хи-Орионидтер
Көршілес шоқжұлдыздар
Ортаққордағы санаты: Orion (constellation)

Орион (гр. Ὠρίων) — аспан экваторына жақын орналасқан шоқжұлдыз.

Ең жақсы көрінетін шоқжұлдыздардың бірі. Оны Орион белдеуі атты қатарынан орналасқан үш жұлдыздан тұратын астеризм арқылы оңай анықтайды.

Ежелгі грек мифологиясына сәйкес Орион есімді алып аңшы Артемида атқан жебеден өледі және жұлдыздар шоғырына айналады. Аңыздың басқа нұсқасы бойынша Орион плеядалардың біріне ғашық болып, көп жылдар бойы соңынан қалмады. Бұны жақтырмаған Зевс оны жұлдыздар тобына айналдырыпты-мыс.

Ал Ежелгі Бабыл жазбаларында бұл шоқжұлдызды «Көктегі бақташы» деп атайтын.

Шоқжұлдызда 2777 айнымалы жұлдыз бар екені белгілі. Бұл көрсеткіш бойынша Орион барлық шоқжұлдыздар ішінде екінші орында тұр.

Астеризмдер

  • Бау немесе Көбелек — Бетельгейзе, Ригель, Беллатрикс, Альнитак, Минтака және Саиф құрайтын фигура
  • Орионның басы — λ жұлдызы және қасындағы екі кішігірім жұлдыз
  • Орион белдеуі Минтака, Альнилам және Альнитак жұлдыздарынан құралған
  • Орион қылышы Хатсия мен Тета жұлдыздарынан және Орион тұмандығынан құралған
  • Орион қалқаны доға сияқтанып орналасқан π1, π2, π3, π4, π5, π6 жұлдыздарынан тұрады
  • Орион шоқпары χ2, χ1, ν, ξ және 69 жұлдыздарынан тұрады
  • Венераның айнасы — Орион белдеуі төбе ретінде қарастырылатын трапеция
Жоғары