| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Патша гамбиті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Патша гамби́ті — дебют, келесі жүрістермен:
1. e2-e4, e7-e5
2. f2-f4 басталады.
Бұл дебюттің идеясы е5 сарбазын жою арқылы, «f» вертикалін бұзу, ортаны d4 жүрісімен басып алу және «f7» торына шабуылдау. Ең күрделі дебюттердің бірі. ашық бастамаларға жатады.
Қаралардың сарбазды алу-алмауына қарай:
- Қабылданған патша гамбиті
- Қабылданбаған патша гамбиті түрлеріне ажыратылады.
Қаралар да қарсы құрбан ұсынуы мүмкін:
Нұсқалар
Қабылданған патшалық гамбит
Брейер гамбиті
1. e2-e4,e7-e5
2. f2-f4,e:f
3. Фd-f3
Испан гамбиті
1. e2-e4,t7-e5
2. f2-f4,e:f
3. d2-d4
Мэзон гамбиті
1. e2-e4,e7-e5
2. f2-f4 e:f
3. Кc3
Петров гамбиті
1. e2-4,e7-e5
2. f2-f4, e:f
3. Сe2
1. e2-e4,e7-e5
2. f2-f4,e:f
3. Сc4
Ат гамбиті
1. e2-e4,e7-e5
2. f2-f4 e:f
3. Кf3
Сальвио гамбиті
3. … g7-g5
4. Сf1-c4,g5-g4
5. Кf3-e5
Полерио—Муцио гамбиті
3. … g7-g5
4. Сf1-c4,g5-g4
5. 0-0,g4-f3
6. Фd1-f3
Филидор гамбиті
Ганштейн гамбиті
Розентретер гамбиті
3. … g7-g5
4. d2-d4
Альгайер гамбиті
3. … g7-g5
4. h2-h4 g5-g4
5. Кf3-g5
Кизерицкий гамбиті
3. … g7-g5
4. h2-h4 g5-g4
5. Кf3-e5
Беккер қорғанысы
3. … h7-h6
Фишер қорғанысы
3...d6
Кc6 Қорғанысы
3 ... Кc6
Эйве Қорғанысы
Шаллоп Қорғанысы
заманауи қорғаныс
3...d5.
Қабылданбаған патша гамбиті
- 2. … Кg8-f6 Қорғанысы
- 2. … Сf8-c5 Қорғанысы
Тарихы
Алғашқы рет патша гамбиті испан дін қызметшісі Рюи Лопес де Сегураның «Шахматтағы ойлап тапқыштық туралы кітабінда», 1561 жылы еске алынады. Бұл кітап жаңа папаның сайлауы қарсаңында Римға саяхаты кезінде жазылған болатын. Италияда Сегур ондағы ең күшті шахматшыларымен ойнап, оларды жеңді. Сегура гамбитті өзі ойлап тапқаны не Италия шахматшыларынан алғаны белгісіз. Өз кітабінда Сегура шахмат тарихында алғаш рет 2. f4 жүрісімен бұзылатын сарбаз орталығын құру маңызын нұсқайды.
1574 жылы күшті Италия шеберлері Леонардо, Бои және Полерио Мадридқа барып шықты. Олар фигурлардың жылдамырақ дамуына ұмтылып, материалды шығындарға қарамай, Италия стилінде ойнады. Полерио қолжазбаларынан олардың партияларында дебюттар алуан-түрлілігі жеткілікті көп болғаны көрінеді, бірақ басты роль патшалық гамбитке берілгені сөзсіз.
XVIII ғасырдың ортасында патшалық гамбитті әлемнің ең күшті шахматшысы Андре Даникан Филидор қолданған. Италиялық комбинацияларына күмән келтірсе де және «Сарбаз —партияның жаны» жаңа лозунгын ұсынса да, ол алдымен «f» пешкасын қозғап, сосын ғана барып патшалық атты дамытуды дәрістеді.
1851 жылы Лондонда бірінші халықаралық шахмат турнирі өтті, оны математика мұғалімі Адольф Андерсен жеңіп алды. Бұл турнирда Андерсен-Кизерицкий әйгілі өлмейтін партиясын ойнады, онда ақтар, патша гамбитін ойнап, құрбандар сериясы арқылы жеңіске жеткен. Бұл партия талай жылдарға шахмат ойынының эталоны болып, түбінде, шахматтық романтизм негіздерін қалады. 1858 жылы Морфи Андерсенді жеңді. Ол да сол гамбит стилінде ойнады, оның ұнататын дебюттердің бірі осы патша гамбиті, сонымен қатар Эванс гамбиті болатын.
XIX ғасырдың 70-шы жылдары ортасында патша гамбиті саспай сценадан түседі, мұған біраз үлес қосқан Вильгельм Стейництің ескі комбинацияларды жоққа шығарып, ойынның жалпы гамбиттық стилін сынаған еңбектері еді. Үнемі оны тек Ресейдің ең үздік шахматшысы Михаил Чигорин қолданады. 1903 жылы Венада барлық партиялар патшалық гамбитпен бастатын тақырыптық турнир ұйымдастыралады да онда Чигорин жеңімпаз атанады. Ұқсас турнирлар Аббацияда (1912) жылы және Баденде (1914 жылы) өткізілді. Олардың жеңімпазы шабуыл шебері Рудольф Шпильман болды. Бірақ 20-шы жж, гамбиттық партияларда көпсанды жеңілістен соң, Шпильман оны қолданбай қойды.
30-шы жылдары патшалық гамбитты жас Пауль Керес қолдана бастайды. 1945 жылы оған Давид Бронштейн қосылады. 60-шы жж патшалық гамбитты Борис Спасский (әлемнің 10-шы чемпионы) жүйелі қолданады. Патшалық гамбитты Роберт Фишер (әлемнің 11-шы чемпионы) және Михаил Таль (8-ші чемпионы) да қолданған. Қазіргі кезде патшалық гамбитты ресей гроссмейстеры Александр Морозевич қолданып жүр.
Әдебиет
- Глазков И., Эстрин Я. Патша гамбиті. Москва: Физкультура и спорт, 1988, 253, [2] с. (Теория дебютов). (қолжетпейтін сілтеме).
- Калиниченко Н. М. Патша гамбиті. М., 2011. 384 с. ISBN 978-5-8183-1634-5.
Үлгі:Патша гамбиті
| ||||||||||||
- Ашық дебюттер
- Гамбиттер
- Патша гамбиті