Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Паул Ваннер (нем. Paul Wanner; 23 желтоқсан 2005 жыл, Дорнбирн, Аустрия) — неміс футболшысы, шабуылдайтын жартылай қорғаушы ретінде "Эльферсберг" клубында және

Паул Ваннер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Паул Ваннер Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

23 қараша 2005 (2005-11-23)(20 жас)

Туған жері

Дорнбирн, Аустрия

Азаматтығы

 Германия
 Аустрия

Бойы

185 см

Салмағы

72 кг

Позиция

шабуылдайтын жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Бавария

Номері

14

Жастар клубы
–2018 Германия Равенсбург
2018– Германия Бавария
Клуб карьерасы
2022– Германия Бавария 6 (0)
2022– Германия Бавария II 2 (0)
2023– → Германия Эльферсберг 1 (0)
Ұлттық құрамы
2021–2022 Германия Германия U17 13 (4)
2022– Германия Германия U18 2 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Паул Ваннер (нем. Paul Wanner; 23 желтоқсан 2005 жыл, Дорнбирн, Аустрия) — неміс футболшысы, шабуылдайтын жартылай қорғаушы ретінде "Эльферсберг" клубында және 18 жасқа дейінгі Германия Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.

Клубтық Мансабы

Ваннер Равенсбург футбол клубының құрамында ойнаған. 12 жасар кезінде ол Баварияның жастар академиясына оқи бастады. 2022 жылдың қыркүйегінде The Guardian ағылшын газеті оны 2005 жылы туылған әлемдік футолдың ең үздік жас таланттарының қатарына енгізді. 2022 жылдың 7 қаңтары Паул 16 жас 15 күнінде Бавария құрамында Менхенгладбахтық "Боруссияға" (2-1) қарсы ойында алаңға шығып, ойнаған футбол клубының тарихындағы ең жас, ал Бундеслига тарихындағы екінші ең жас футболит атанды (одан бұрын тек Юсуффа Мукоко - 16 жас 1 күн). 31 қаңтар Паул Бавария мен кәсіби контрактқа отырды. Сол маусымда, Бавария соңғы Дортмундтық "Боруссияға" қарсы ойында 3-1 шотмен жеңіске жетіп, 10 рет қатарынан чемпион атанды. Сол кезде, ол 16 жас 121 күнінде Германияның ең жас чемпионы атанды. 2022 жылдың 12 қазаны Ваннер Пльзеньдық "Викторияға" қарсы ойында, 70 минутта ауыстырылымға шығып, Бавария құрамында Чемпиондар лигасында ойнаған ең жас футболист атанды (16 жыл 293 күн).

2023 жылдың 1 қыркүйегі екініші бундеслига клубы Эльферсбергке аренда құқығында футболдық маусымның соңына дейін қосылды.

Ұлттық Құрамадағы мансабы

Германия 17 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі құрамаларында ойнаған. Футболдан 17 жасқа дейінгі Еуропа біріншілігінің (ағыл.) қатысушысы. Сол турнирде 16 мамырда Италияның жастар құрамасына қарсы өткен матчта бір гол салды.

Ойын стильі

Ваннер шабуылдайтын жартылай қорғаушы, солақай. Қарсыластың қолынан оңай шығып кете алады. Ойын стильі бойынша оны Кай Хаверцпен салыстырады.

Жеке өмірі

Ваннер 2005 жылы Аустриядағы Дорнбирн қаласында дүниеге келген және Германиядағы Амтцелль қаласында өскен. Оның Германияның және Австрияның азаматтығы бар.

Жетістіктері

Клубтық

«Бавария»

Германия чемпионы: 2021/2022, 2022/2023

Германия суперкубогының иегері: 2022

Жоғары