Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Петропавл ауданы — Қазақ КСР-нің Солтүстік Қазақстан облысында 1930-1932, 1942-1957 жылдары болған аудан. Орталығы — Петропавл қаласы.

Петропавл ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Петропавл ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ КСР

Кіреді

Солтүстік Қазақстан облысы

Енеді

7 а/к (1951)

Әкімшілік орталығы

Петропавл

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1930, 1942

Таратылған уақыты

1932, 1957

Петропавл ауданы — Қазақ КСР-нің Солтүстік Қазақстан облысында 1930-1932, 1942-1957 жылдары болған аудан. Орталығы — Петропавл қаласы.

Тарихы

Петропавл ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің тікелей қарамағында құрылды. Құрамына бұрынғы Петропавл округінің Ворошилов және Трудовой аудандарының аумағы енді.

1932 жылы 11 қаңтарда Петропавл ауданы таратылып, аумағы Булаев және Ленин аудандары арасында бөлінді.

Петропавл ауданы 1942 жылы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қайта құрылды. Құрамына Архангел, Бескөл, Кривозёр, Ново-Камен, Ново-Павлов, Петерфельд, Плосский ауылдық кеңестері енді.

1951 жылы ауданда 7 ауылдық кеңес болды: Архангел, Бескөл, Кривозёр, Ново-Камен, Ново-Павлов, Петерфельд, Плосский.

1954 жылы Ново-Камен ауылдық кеңесі Архангел ауылдық кеңесіне қосылды. Якорь ауылдық кеңесі құрылып, Кривозёр ауылдық кеңесі таратылды. Плосский ауылдық кеңесі Асанов, Ново-Павлов ауылдық кеңесі Берёзов ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1957 жылы 14 қыркүйекте Петропавл ауданы таратылып, Якорь, Берёзов ауылдық кеңестері Соколов ауданына, Бескөл ауылдық кеңесі Приишим ауданына, Петерфельд, Архангел ауылдық кеңестері Мамлют ауданына, Асанов ауылдық кеңесі Полудин ауданына берілді.

Жоғары