| Аудан | |
| Соколов ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Ақмола губерниясы, Солтүстік Қазақстан облысы |
| Енеді | 9 ауылдық округ |
| Әкімшілік орталығы | Соколовка ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1921 |
| Таратылған уақыты | 18 сәуір 1997 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 16 247 адам (2009) |
Соколов ауданы — 1921 жылдың қыркүйегінен қазанына дейін, 1936 жылдың шілдесінен 1963 жылдың қаңтарына дейін және 1964 жылдың желтоқсаннан 1997 жылдың сәуіріне дейін болған Ақмола губерниясы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік бөлінісінің бірлігі.
Тарихы
Соколов ауданы 1921 жылы 15 қыркүйекте Ақмола губерниясының құрамында, Түмен губерниясының Есіл уезінен берілген аумақта құрылды. Соколовское ауылы аудан орталығы болып белгіленді. Аудан құрамына 5 болыс кірді: Бугров, Краснояр, Налобин, Соколов, Сум.
1921 жылы 28 қазанда Соколов ауданы таратылып, оның аумағы Петропавл уезіне берілді.
1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының құрамында Соколов ауданы қалпына келтірілді.
1957 жылы 14 қыркүйекте таратылған Петропавл ауданы аумағының бір бөлігі Соколов ауданына қосылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Соколов ауданы таратылып, аумағы Мамлют ауданына қосылды.
1964 жылы 31 желтоқсанда аудан қалпына келтіріліп, Мамлют және Совет аудандарынан ауылдық кеңестер берілді.
1965 жылы 5 қазанда Прибрежный ауылдық кеңесі құрылды.
1966 жылы 21 маусымда Мамлют ауданына Петерфельд, Архангел ауылдық кеңестері берілді.
1967 жылы 2 қаңтарда жаңадан құрылған Бескөл ауданына Асанов, Бескөл, Прибрежный, Светлополь ауылдық кеңестері берілді.
1967 жылы 27 шілдеде Виноградов ауылдық кеңесі құрылды.
1969 жылы 13 қаңтарда Кустов ауылдық кеңесі Вагулин ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1974 жылы 28 ақпанда Лесной ауылдық кеңесі құрылды.
1976 жылы 20 шілдеде Рощин ауылдық кеңесі құрылды.
1986 жылы ауданға 11 ауылдық кеңес кірген: Берёзов, Бугров, Вагулин, Виноградов, Долматов, Краснояр, Лесной, Налобин, Рощин, Соколов, Якорь.
1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер аумағында ауылдық округтер құрылды.
1997 жылы 12 ақпанда Краснояр және Лесной ауылдық округтері таратылды.
1997 жылы 18 сәуірде Соколов ауданы Бескөл ауданының құрамына еніп, Бескөл ауданы Қызылжар ауданы болып өзгертілді.
Халқы
| 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 |
|---|---|---|---|---|
| 17934 | ▲18863 | ▲25950 | ▼22740 | ▼22291 |
- Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары