Психологиялық триллер (аударғанда ағылш. — «Psychological thriller») — триллер әдебиеті мен кино шығармалары жанрының бір түрі. Әдетте ол негізгі кейіпкерлердің психологиясын зерттеу арқылы тартымдылығы артатын фильмдер мен кітаптарды сипаттау үшін қолданылады. Бұл жанрда оқиғалардың көптеген күтпеген бұрылыстары қолданылады, соның нәтижесінде көрерменде әрі қарай қарауға деген үнемі қызығушылық сезімі қалыптасады.
Қосалқы жанрдың сипаттамасы
Психологиялық триллердің қосалқы жанр ретінде нақты анықтамасы мен бөлу шекаралары жоқ. Оның элементтері кейіпкерлердің қорқынышы мен эмоционалды тұрақсыздығы есебінен психологиялық шиеленіс тудыратын әртүрлі жанрдағы шығармаларда кездесуі мүмкін. Психологиялық триллер өз кейіпкерлерінің тұрақсыз немесе сандырақтық психологиялық күйлеріне баса назар аударады. Бұл күйлер көбінесе сыртқы әсерлердің — әлеуметтік қайшылықтар шиеленістірген қатыгез адамзат ортасы мен табиғаттың қолайсыз күштерінің салдарынан өрши түседі.
Белгілі британдық кинорежиссер Джон Мэдден The Telegraph беттерінде бұл бағытқа мынадай сипаттама берген: «Психологиялық триллерлер сюжетке, мінездің дамуына, таңдау жасау мен моральдық қақтығысқа фокус бағыттайды; ал қорқыныш пен үрей психологиялық шиеленісті күтпеген тәсілдермен тудырады».
Фильмдерде
Коммерциялық AllMovie интернет-сайтының нұсқасы бойынша негізгі психологиялық триллерлерге мына туындылар жатады:
- Ребекка (1940)
- Лора (1944)
- Аулаға қараған терезе (1954)
- Вертиго (1958)
- Психо (1960)
- Маньчжур үміткері (1962)
- Фотоүлкейту (1966)
- Тотықұс (1971)
- Әңгіме (1974)
- Ұзақ уикенд (1978)
- Өліара байланысқандар (1988)
- Қозылар үнсіздігі (1991)
- Шекті кезеңде (1997)
- Фелиция саяхаты (1999)
- Дарынды мистер Рипли (1999)
- Төбелес клубы (1999)
- Малхолланд Драйв (2001)
- Жұмбақ өзен (2003)
- Готика (2003)
- Ақталған қатыгездік (2005)
- Қал (2005)
- Қра аққу (2010)
- Елес (2010)
- Қарғыс атқандар аралы (2010)
- Лас (2013)
- Терезедегі әйел (2021)
- Іште (2023)
Тағы қараңыз
- Триллер
- Психологиялық сұмдықтар
- Психологиялық драма
Әдебиет
- Дмитрий Комм Формулы страха. Введение в историю и теорию фильма ужасов. — СПБ: БХВ-Петербург, 2015. — Б. 224
- Уильям Индик Психо-триллеры. Кинематографические исследования тайн разума. (ағылш.) — Джефферсон: McFarland, 2013. — Б. 195
- Google Книги. Басты дереккөзінен 29 шілде 2020. Тексерілді, 28 шілде 2020.
- Кино жанрлары
- Әдеби жанрлар
- Триллерлер