| Пьер Делинь | |
| Pierre René, Viscount Deligne | |
2005 жылғы суреті | |
| Туған күні | 3 қазан 1944 (81 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Эттербек, Бельгия |
| Азаматтығы |
|
| Жұбайы | Елена Алексеевна Алексеева |
| Балалары | 2 |
| Ғылыми аясы | Математика (алгебралық геометрия, сандар теориясы) |
| Жұмыс орны | Перспективті зерттеулер институты |
| Ғылыми дәрежесі | PhD (1972) |
| Ғылыми атағы | Профессор |
| Альма-матер | Брюссель еркін университеті, Париж-Оңтүстік университеті |
| Ғылыми жетекші | Александр Гротендик |
| Атақты шәкірттері | Ле Зунг Чанг |
| Несімен белгілі | Вейль гипотезасының дәлелденуі |
| Марапаттары |
|
| Сайты | |
Пьер Делинь Ортаққорда | |
Пьер Рене Делинь (фр. Pierre René, vicomte Deligne; 3 қазан 1944, Эттербек, Брюссель, Бельгия) — бельгиялық математик. Ол 1973 жылы толық дәлелденген Вейль гипотезасы бойынша жұмыстарымен кеңінен танымал. Филдс медалі (1978), Крафурд сыйлығы (1988), Вольф сыйлығы (2008) және Абель сыйлығының (2013) иегері.
Өмірбаяны
Делинь Брюссель астаналық өңіріне қарасты Эттербек коммунасында дүниеге келген. Адольф Мак атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Брюссель еркін университетінде (ULB) білім алды.
Александр Гротендик қоластында докторлық диссертацияны қорғаған Пьер Делинь, Париждегі Жоғарғы ғылым зерттеулер институтында жетекшісімен жұмыс атқарды.1968 жылы Жан-Пьер Серрмен жұмыс істеді. Оған қоса, Пьер қисықтардың модульдерінің кеңістігін сипаттауда Дэвид Мамфордпен қызметтесті. Математиктің Вейльдің үшінші гипотезасының (соңғы дәлелденбеген) дәлелдеуі - ең танымал жұмысы.
Пьер Делинь Франция ғылым академиясының (1978), АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (2007), Швеция патшалық ғылым академиясының (2009), Ресей Ғылым академиясыларының (2016) шетелдік мүшесі атанған.
Делинь сыйлығы
2004 жылы, сыйақы жартысы жас ғалымдарды қолдауға жұмсалу керек Бальцан сыйын алған Пьер, Ресей, Украина және Белоруссияның жас математиктеріне конкурс ұйымдастырды. Конкурс жеңімпаздарына үш жылдық стипендия ұсынылды. Делинь осы конкурс үшін арнайы жиналған Ресейлік математиктерден тұратын қазылар алқасының мүшесі. Соңғы рет конкурс Делиньнің жеке қаражатына 2009 жылы өткізілді.
2006 жылдан бастап жас математиктер үшін өткізілетін "Династия" қорының конкурсының ережелері Пьердікіне ұқсас. Қазылар алқасының тізімі Делиньнің конкурсыныкіне ұқсас, ал Пьер оның төрағасы болып табылады (В.А. Васильевпен бірге).
Марапаттары
- 1978 жыл — Филдс медалі
- 1988 жыл — Швеция патшалық ғылым академиясының Крафорд сыйлығы
- 2004 жыл — Бальцан сыйлығы
- 2008 жыл — Вольф сыйлығы
- 2013 жыл — Абель сыйлығы
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 3 қазанда туғандар
- 1944 жылы туғандар
- Эттербекте туғандар
- Бельгия математиктері
- Филдс марапаты иегерлері
- Абель сыйлығының иегерлері
- Сандар теориясы математиктері
- Француз ғылым академиясының мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері
- Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшелері
- Швед корольдік ғылым академиясының мүшелері
