Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Филдс медалі (ағылш. Fields Medal) немесе Филдс сыйлығы (ресми атауы — Математикадағы үздік жетістіктер үшін халықаралық медаль ағылш. International Medal for O

Филдс медалі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Филдс медалі
Филдс медалінің бет жағы
Шынайы атауы ағылш. Fields Medal
фр. Médaille Fields
Мемлекет Халықаралық (Халықаралық математикалық одақ)
Түрі Математикадағы үздік жетістіктер үшін
үшін марапатталады Математикаға қосқан ерекше үлесі және болашақ жетістіктерге негіз болғаны үшін (40 жасқа дейінгі ғалымдарға)
Негіздеуші Джон Чарльз Филдс
Жағдайы белсенді
Негізделді 1924 жыл
Сайты mathunion.org
Fields Medal Ортаққорда

Филдс медалі (ағылш. Fields Medal) немесе Филдс сыйлығы (ресми атауы — Математикадағы үздік жетістіктер үшін халықаралық медаль ағылш. International Medal for Outstanding Discoveries in Mathematics) — төрт жылда бір рет Халықаралық математикалық конгрессте 40 жасқа толмаған екі, үш немесе төрт математикке берілетін халықаралық марапат. Сыйлық канадалық математик Джон Чарлз Филдстің (1864–1932) құрметіне аталған.

1936 жылдан бастап беріле бастаған бұл марапат математика саласындағы ең жоғары мәртебе болып саналады және оны жиі «математиктердің Нобель сыйлығы» деп атайды. Алайда, Нобель сыйлығынан айырмашылығы — Филдс медалі жыл сайын емес, төрт жылда бір беріледі және лауреаттардың жасына қатаң шектеу қойылған (марапатталатын жылдың 1 қаңтарында 40 жастан аспауы тиіс). Бұл талап жас зерттеушілердің бұрынғы жетістіктерін мойындап қана қоймай, олардың болашақтағы жаңа табыстарына демеу болу мақсатында енгізілген.

Медаль таза алтыннан дайындалады. Оның бет жағында ежелгі грек ғалымы Архимедтің бейнесі және латын тіліндегі «Transire suum pectus mundoque potiri» (Өз шегіңнен асып, әлемді бағындыру) деген жазу бар. Марапат иелерін Халықаралық математикалық одақтың (IMU) атқарушы комитеті тағайындаған арнайы комитет таңдайды.

Сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшері басқа халықаралық марапаттармен салыстырғанда айтарлықтай қомақты емес — оның көлемі 2006 жылдан бастап 15 000 канада долларын құрайды. Бұл марапаттың негізін қалауда Джон Чарльз Филдстің рөлі зор болды: ол медальдің дизайнын өзі жасап, сыйлықтың қаржылық қорын қалыптастырды. Дегенмен, Филдс сыйлық ресми түрде бекітілгенге дейін қайтыс болып, оның жоспарларын жүзеге асыру ісін әріптесі Джон Лайтон Синг қадағалады.

Лауреаттар тізімі

ЖылЛауреатМемлекет
1936Ларс Альфорс Финляндия
Джесси Дуглас АҚШ
1950Лоран Шварц Франция
Атле Сельберг Норвегия
1954Кунихико Кодайра Жапония
Жан-Пьер Серр Франция
1958Клаус Рот Ұлыбритания
Рене Том Франция
1962Ларс Хермандер Швеция
Джон Милнор АҚШ
1966Майкл Атья Ұлыбритания
Пол Джозеф Коэн АҚШ
Александр Гротендик Франция
Стивен Смейл АҚШ
1970Алан Бейкер Ұлыбритания
Хейсуке Хиронака Жапония
Сергей Новиков КСРО
Джон Гріггс Томпсон АҚШ
1974Энрико Бомбиери Италия
Дэвид Мамфорд АҚШ
1978Пьер Делинь Бельгия
Чарльз Фефферман АҚШ
Григорий Маргулис КСРО
Даниэль Квиллен АҚШ
1982Ален Конн Франция
Уильям Терстон АҚШ
Шинтан Яу Қытай
1986Саймон Дональдсон Ұлыбритания
Герд Фальтингс Германия
Майкл Фридман АҚШ
1990Владимир Дринфельд КСРО
Воэн Джонс Жаңа Зеландия
Сигэфуми Мори Жапония
Эдвард Виттен АҚШ
1994Пьер-Луи Лион Франция
Жан-Кристоф Йоккоз Франция
Жан Бургейн Бельгия
Ефим Зельманов АҚШ
1998Ричард Борчердс ОАР
Тимоти Гауэрс Ұлыбритания
Максим Концевич Франция
Кертис Макмуллен АҚШ
2002Владимир Воеводский Ресей
Лоран Лаффорг Франция
2006Андрей Окуньков Ресей
Григорий Перельман Ресей
Теренс Тао Аустралия
Венделин Вернер Франция
2010Элон Линденштраусс Израиль
Нго Бао Чау Вьетнам
Станислав Смирнов Ресей
Седрик Виллани Франция
2014Артур Авила Бразилия
Манджул Бхаргава Канада
Мартин Хайрер Аустрия
Мариам Мирзахани Иран
2018Кошер Биркар Иран
Алессио Фигалли Италия
Петер Шольце Германия
Акшай Венкатеш Аустралия
2022Уго Дюминиль-Копен Франция
Джун Ха АҚШ
Джеймс Мейнард Ұлыбритания
Марина Вязовская Украина

Тағы қараңыз

Жоғары