Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұра

Радиоактивті элемент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті ыдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді.

Радиоактивті заттар альфа-бөлшектер, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер шығара алады, оның залалдау әрекеті адамдар мен жануарлардың сырттай сәулеленуі түрінде көрінеді.

Биологиялық әсері

Радиоактивті сәулеленудің зиянды биологиялық әрекеті тірі жасушалардың иондануы, ағзадағы химиялық өзгерістердің әр түрлі үдерістері арқылы көрінеді.

Бұл жасушалар мен тіндердің тіршілік әрекетінің бұзылуына, ал күшті әсер еткен кезде бүкіл ағзаның радиоактивті сәулеленуі мен түрлі аурулардың дамуына — сәуле ауруына шалдығуына әкеп соғады.

Жоғары