Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мойынты Қызылтас тауларының оңтүстік етегіндегі бұлақтардан басталып, Мойынты – Шу темір жол бойындағы Қаражыңғыл темір жол айырмасы маңында 10 – 12 км-ден соң

Мойынты (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мойынты
Сипаттамасы
Ұзындығы 167 км
Су алабының
ауданы
3640 км²
Су алабы Солтүстік Балқаш алабы
Су ағысы
Бастауы Қызылтас таулары
  Координаттары 47°41′03″ с. е. 72°50′48″ ш. б. / 47.68417° с. е. 72.84667° ш. б. / 47.68417; 72.84667 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қаражыңғыл темір жол айырмасы маңы
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы Шет ауданы

Мойынты – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 167 км, су жиналатын алабы 3640 км².

Бастауы

Мойынты Қызылтас тауларының оңтүстік етегіндегі бұлақтардан басталып, Мойынты – Шу темір жол бойындағы Қаражыңғыл темір жол айырмасы маңында 10 – 12 км-ден соң тартылып қалады.

Гидрологиясы

Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Өзенжол, Арқарлы, Қызылжар тауларының етегіндегі бұлақтардан басталатын кішігірім 26 саласы бар. Арнасы көктемде ғана суға толады. Көп жылдық орташа су ағымы Киік темір жол станция тұсында 0,27 м/с. Алабы – жайылым. Мойынты бойында Мойынты және Киікті темір жол станциялары бар.

Жоғары