Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Расул Есетов (25.6.1924, Түркістан облысы, Түркістан калалық әкімдігіне қарасты Теке ауылы - 2.6.2009, сонда) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі

Расул Есетов

  • Басты бет
  • Расул Есетов

Расул Есетов (25.6.1924, Түркістан облысы, Түркістан калалық әкімдігіне қарасты Теке ауылы - 2.6.2009, сонда) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі.Арғын руының Қаракесек бөлімінен шыққан. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы алынып, 138-атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылы 11 қазанда Есетовтің бөлімшесіне аты жоқ биіктіктегі позициядан жауды қуып шығу туралы бұйрық берілді. Оның бөлімшесі жау бекінісіне басып кіріп, жаудың 50 әскері мен офицерін жойып, қару- жарақтарын, оқ-дәрі қоймасын қолға түсірді. Есетов және оның тобының батыл қимылы арқасында шабуыл жасап келе жатқан жаяу әскерге жол ашылды. Есетовтің өзі осы ұрыста жаудың 33 әскерін тұтқынға алды. Жау дзотын талқандаушы қаһарман атанған Есетовтің даңқы полкке, бүкіл дивизияға тарады. Есетовке ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Карпат үшін болған соғыста осындай жоғары атақтың иегері болған 2 қазақстандық жауынгердің бірі. Соғыстан кейін Түркістанда қызмет етті. Ленин, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

  • Сәуір 05, 2026

    Екатерина II

  • Наурыз 21, 2026

    Термин

  • Сәуір 05, 2026

    Лексикалық мағына

  • Сәуір 08, 2026

    Көктерек ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары