Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бидай көже -дәстүрлі орта сусындарының бір түрі. Келіге түйіліп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып алып, айран қосып, бөлек бұқтырып

Бидай көже

  • Басты бет
  • Бидай көже

Бидай көже -дәстүрлі орта сусындарының бір түрі. Келіге түйіліп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып алып, айран қосып, бөлек бұқтырып қойып дайындалатын сусын түрі.

Жалпылама

Түктеліп кебегі ұшырылған, шаңтозаң, ұнтақтардан тазартылған бидайды келіге салып түйеді. Келідегі бидайға аздап су сеуіп дымқылдап араластарады. Оған дейін де басқа тегешке салып араластыруға болады. Бидай жармаланып, бір-бірімен қамырланған дән әбден тұтасып, кіріккенше түйіледі. Мұны көжелік бидай "жаншу" деп атайды. Бидайды келіде жаншыған кезде оны жиі-жиі қолменен араластырып отыру қажет. Сол кезде бырт көже болмай барлық дән жарылып, біркелкі жаншылады. Жаншылған бидайды сүтке , сүт қосылған суға немес сорпаға, суға салып қайнатады. Қазанды сарқылдатып, қатты қайнатпай, жанышпа қазан түбіне жабысып қалмайтындай араластырып отырып баяу қайнатады. Жанышпа бөртіп, көже қоюланған кезде отты сөндіріп, қазанның қақпағын жауып, бір сағатқа жуық бұқтырып қояды. Көженің тұзын, піскен-піспегенін татып көріп, қайтадан қайнатады. Сорпаға, сүтке пісірілген көженіыстықтай іше беруге болады. Ал суға пісірілген көже сәл салқындатылып, "көже қатық" деп аталатын сүзбені езіп немесе езілген құрт қосып ұсынады. Бидай көже - Өте тоқ тамақ әрі сусын.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Аутотрофты организмдер

  • Сәуір 06, 2026

    Эрвин Шредингер

  • Сәуір 06, 2026

    Құйыршық хан

  • Сәуір 08, 2026

    Арықбалық ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Орал округі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары