Ресей Елтаңбасы (орыс. Герб России), ресми түрде Ресей Федерациясының Елтаңбасы (орыс. Герб Российской Федерации) — Ресей туы және әнұранымен қатар Ресейдің мемлекеттік рәміздерінің бірі. Оның дизайны Ресей Империясының бұрыңғы елтаңбаларының дизайндарына негізделген.
| Ресей Федерациясының елтаңбасы орыс. Герб Российской Федерации | |
|
| |
| Нұсқалар | |
|---|---|
|
| |
| Негізгі ақпараттар | |
| Бекітілді | 30 қараша 1993 |
| Бөлшектер | |
| Қалқан | Қызыл қалқанның ішінде екі қанатын қарама-қарсы бағытта ашқан екі басты алтын қыран бейнеленген, екі басы да Императорлық тәж киген, оң аяғы скипетр, сол аяғы держава ұстап тұр; екі тәжді үстінде бейнеленген үлкен тәждің таспасы байланыстырып тұр; қыранның денесінің үстінде тағы бір қызыл қалқан бейнеленген, ол жерде ат мінген Әулие Георгийдің айдаһарды өлтірудегі бейнесі |
| Авторлық ұжым | |
| Евгений Ухналёв | |
Сипаттамасы
Елтаңбаның екі басты элементтері (екі басты қыран мен ат мінген Әулие Георгий) орыс халқымен Ресей тұңғыш патшасы I Пётрдан да бұрын қолданылады деп есептеледі.
Елтаңбаның қазіргі дизайнын Евгений Ухналёв жасаған; ол 1993 жылы 30 қараша күні Ресей Президентінің указымен қабылданған еді.
Қазіргі дизайнында қыран киген екі тәж Ресейдің бірлігі мен егемендігін білдіреді. Екі аяғы ұстаған скипетр мен держава — геральдиканың дәстүрлері бойынша биліктің символы болып келеді. Скипетрдің ұшында елтаңбаның өзі бейнеленген, осының нәтижесінде Ресей Елтаңбасы — Дросте эффектісінің мысалы бола алады. Ресей — монархиялы мемлекет болмағанымен, елтаңбада монархисттік символдарды байқауға болады.
Қолданылуы
Елтаңба Ресей паспорттарында, мемлекеттік ғимараттар сыртында, Ресей Президенттік штандартында, Қарулы Күштер баннерінде және 2016 жылдан бастап рубль сыртында бейнеленген.
Тарихы
- 1472: III Иван Васильевичтің мөрі
- 1539: IV Иванның мөрі
- 1577: IV Иванның билігі жылдарындағы елтаңба
- 1589: I Фёдор Ивановичтің елтаңбасы
- 1667: Ресей патшалығының елтаңбасы
- 1721: І Пётр заманының елтаңбасы
- 1730-1798, 1801-1825: Оның кіші нұсқасы
- 1799-1801: I Павел кезіндегі империяның елтаңбасы
- 1800: Елтаңбаның үлкен нұсқасы
- 1825: I Николай елтаңбасының бірінші нұсқасы
- 1830: Оның екінші нұсқасы
- 1882: Елтаңбаның үлкен нұсқасы
- 1883: Оның кіші нұсқасы
- 1917: Уақытша Үкіметтің/Ресей Республикандықтарының елтаңбасы
- 1918: Ресей Мемлекетінің елтаңбасы
- 1918: Ресей КФСР Тұңғыш елтаңбасы
- 1920: Ресей КФСР Екінші елтаңбасы
- 1923: Кеңес Одағының Тұңғыш елтаңбасы
- 1931: Кеңес Одағының Екінші елтаңбасы
- 1936: Кеңес Одағының 3-ші елтаңбасы
- 1946: Кеңес Одағының төртінші елтаңбасы
- 1954: Ресей КФСР Үшінші елтаңбасы
- 1956: Кеңес Одағының 5-ші елтаңбасы
- 1991: Ресей Федерациясының тұңғыш елтаңбасы
- 1993: Қазіргі елтаңба

