Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Рәтбек қажы Нысанбайұлы (14 қараша 1940, Сарыағаш ауданы – 16 қаңтар 2026) — қазақстандық діни қайраткер, ғалым мен саясаткер, Қазақстан мұсылмандары діни басқа

Рәтбек Нысанбайұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рәтбек қажы Нысанбайұлы (14 қараша 1940, Сарыағаш ауданы – 16 қаңтар 2026) — қазақстандық діни қайраткер, ғалым мен саясаткер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш бас мүфтиі, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.

Өмірбаяны

Нысанбайұлы Бұхарадағы Мир-Араб медресесін және Бұхара педагогикалық институтын бітірген (1964). Шетелде Ливия университетінде діни білім алған (1975).

Нысанбайұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990), Қазақстан халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі болған, І және ІІ құрылтайларда бірауыздан сайланған (1990–1992).

Бас мүфтилігі тұсында Қазақстандағы мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейді, Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады.

Кейін, 2016 жылғы жағдай бойынша ол Есік қалалық мешітінің бас имамы болды.

2026 жылғы 16 қаңтарда Нысанбайұлының қайтыс болғаны хабарланды.

Жоғары