| Сабынды | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 338 м |
| Өлшемі | 3 × 2,4 км |
| Ауданы | 4,5 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 9,2 км |
| Тереңдігі | 1,2 м |
| Орташа тереңдігі | 1 м |
| Орналасуы | |
| 50°29′55″ с. е. 67°11′06″ ш. б. / 50.49861° с. е. 67.18500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°29′55″ с. е. 67°11′06″ ш. б. / 50.49861° с. е. 67.18500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Жарқайың ауданы |
Сабынды – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылынан батысқа қарай 8 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы
Аумағы 4,5 км2. Дөңгелек пішінді, ұзындығы 3 км, енді жері 2,4 км. Көл теңіз деңгейінен 338 м биіктікте жатыр. Жағалау бойының ұзындығы 9,2 км. Орташа тереңдігі 1 м, ең терең жері 1,2 м. Көл жағалауының 90%-ына қамыс өскен. Жайылмасында əр түрлі шөптесіндер мен селеу өседі. Көктемде су көл жағалауынан 200 м-ге дейін жайылады. Көлге батыс жағынан жазда кеуіп қалатын шағын екі жылға құяды. Қараша айында суы қатып, сəуірде ериді. Қыста су түбіне дейін қатады. Қар жəне жер асты суларымен толысады. Көлдің түбі лайлы. Суы тұщы. Жағалау бойында Сабынды қыстауы мен жайлауы орналасқан.
- Алфавит бойынша көлдер
- Жарқайың ауданы көлдері
- Есіл су алабы

