| Сабынды | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 189 м |
| Өлшемі | 3,2 × 1,3 км |
| Ауданы | 3 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 7,2 км |
| Орналасуы | |
| 52°12′25″ с. е. 62°53′01″ ш. б. / 52.20694° с. е. 62.88361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°12′25″ с. е. 62°53′01″ ш. б. / 52.20694° с. е. 62.88361° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
| Аудан | Бейімбет Майлин ауданы |
Саз – Тобыл алабындағы көл.
Географиялық орны
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Қайыңдыкөл ауылының оңтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 189 м биіктікте жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 7,2 км. Ендік бағытта сопақша пішінмен созылып жатқан көлдің аумағы қуаңшылық жылдары өзгеріп отырады. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қарашаның соңында суы қатып, сəуір айында ериді. Суы тұзды. Жарқабақты келген солтүстік жəне шығыс жағалауының биіктігі 6 м-ге жетеді. Батысында Комаров атындағы мектеп лагері орналасқан. Жонды-белесті келген оңтүстік алабы шабындыққа жəне мал жайылымына пайдаланылады.
- Алфавит бойынша көлдер
- Бейімбет Майлин ауданы көлдері
- Тобыл су алабы

