| Ауыл | |
| Самсы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | Жамбыл |
| Ауылдық округі | Самсы |
| Әкімі | Қартаңбаев Ермек Мұсаханұлы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°19′10″ с. е. 76°05′48″ ш. б. / 43.31944° с. е. 76.09667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°19′10″ с. е. 76°05′48″ ш. б. / 43.31944° с. е. 76.09667° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Бұрынғы атаулары | Самсы жығылған |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲1802 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 05 |
Самсы шекарасы | |
Самсы — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Самсы ауылдық округі орталығы.
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде, Самсы өзені жағалауында орналасқан.
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1217 | ▲1259 | ▲1802 | 143,1 | 616 | ▲937 | 152,1 | 643 | ▲865 | 134,5 |
1930-1997 жылдары қой өсіретін “Қастек” кеңшарының бөлімшесі болды. Самсыда және округке қарасты Қопа, Тарғап ауылдарында ЖШС жұмыс істейді. Ауыл 1916 жылы Жетісу өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың орталығы болған. Қозғалыс Самсы көтерілісі (Ботбай көтерілісі) деген атпен белгілі. Самсының маңында Сәмен батырға ескерткіш орнатылған.