Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сандықтау ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан орталығы - Балкашино ауылы.

Сандықтау ауданы

  • Басты бет
  • Сандықтау ауданы

Сандықтау ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан орталығы - Балкашино ауылы.

Қазақстан ауданы
Сандықтау ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Балкашино

Ауылдық округтер саны

14

Ауыл саны

40

Әкімі

Серік Кеңесарыұлы Құдабай

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, №117

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°59′15″ с. е. 68°44′37″ ш. б. / 51.98750° с. е. 68.74361° ш. б. / 51.98750; 68.74361 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°59′15″ с. е. 68°44′37″ ш. б. / 51.98750° с. е. 68.74361° ш. б. / 51.98750; 68.74361 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1936

Жер аумағы

6,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

16 993 адам (2023)

Тығыздығы

2,7 адам/км²

Ұлттық құрамы

орыстар (56,16%), қазақтар (18,77%), шешендер (8,71%), немістер (6,8%), украиндар (3,34%), белорустар (1,38%), татарлар (0,81%), ингуштар (0,78%), әзербайжандар (0,61%), басқалары (2,64%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

021400-021428

Автомобиль коды

03

Сандықтау ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Сандықтау ауданы

Облыс картасындағы Сандықтау ауданы

Мазмұны

Тарихы

Аудан 1928 жылдың 17 қаңтарында Петропавл округінің Көкшетау уезі болысының Кеңес және Ақан-Бұрлық бөліктері, Атбасар уезінің Социалистік болысындағы орталығы Балкашино селосы құрамында орналасқан. 1930 жылдың 17 желтоқсанында Балкашин ауданы Арық-Балық ауданына қосылды. 1932 жылдың 20 ақпанында 23 аудан құрамымен Қарағанды облысы құрылды, соның ішінде Арық-Балық ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 1935 жылдың 9 қаңтарында аудан Молотовқа өзгертілді.

1957 жылдың 30 тамызындағы «Ақмола облысы Молотов ауданын Балкашин ауданына өзгерту туралы» ҚазКСР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығы негізінде Ақмола облысының Молотов ауданы Балкашин ауданына өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 14 қарашасындағы №3759 «Жеке әкімшілік-территориялық бірліктердің атауын өзгерту мен олардың транскрипцияларының өзгеруі туралы» Жарлығымен Балкашин ауданы Сандықтау ауданына өзгертілді.

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Зеренді ауданымен, батысы мен солтүстік-батысында Жақсы және СҚО-ның Айыртау, Ғабит Мүсірепов аудандарымен, шығысында Бурабай, Бұланды аудандарымен, оңтүстігінде Атбасар ауданымен шектеседі.

Сандықтау ауданы Сарыарқадағы Көкшетау қыратының абсолюттік биіктігі 300 — 500 м болатын ұсақ шоқылы, төбелі-белесті оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігін Сандықтау (626 м), Жақсытүкті (596 м) таулары, оңтүстік бөлігін Атбасар жазығы (өңірі) алып жатыр. Кен байлықтарынан уран, вольфрам, молибден, апатит кентастары кездеседі.

Климаты

Климаты тым континенттік. Қысы ұзақ, суық, қары аз (30 см). Қаңтардың орташа температурасы -18°С. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы — 19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 — 400 мм.

Өзен, көлдері

Аудан жерінен Жабай өзені және оның салалары — Жыланды, Сарқырама өзендері ағады. Үлкен көлдері — Жақсы Жалғызтау, Құмдыкөл.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Солтүтігінде негізінен қалыпты қара топырақ, оңтүстік бөлігінде карбонатты қара топырақ, тауларында шымды-күлгін және орманның сұр топырағы, өзендер бойында жайылманың шалғындық топырағы тараған. Солтүстігі әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, тауларында қарағай, қайың, терек, долана, арша, т.б. өседі. Оңтүстігінде сұлыбас, селеу басым тараған. Жабай өзенінің жайылмасында бидайық, арпабас, айрауық т.б., кей жерінде ақтікен, жусан, сораң өсімдіктері өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр, қоян, аламан, көртышқан, сарышұнақ, қосаяқ, бұлан, марал, елік, тиін, сілеусін; құстардан аққұр, құр, шіл, тоқылдақ, бөдене, су қоймаларында қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді, алабұға, таутан, мөңке, шортан, аққайран, т.б. балықтар кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 32302 ▲45792 ▲46559 ▼37246 ▼36606 ▼28729 ▼21521 ▼17185

Тұрғындар саны – 18 398 адам (2019).

  • ұлттық құрамы: орыстар (56,38%), қазақтар (19,43%), немістер (6,61%), шешендер (7,96%), украиндар (3,44%), белорустар (1,48%), басқалары (4,71%)

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 40 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақсораң ауылдық округі 1425 ▼1012 71 695 ▼516 74,2 730 ▼496 67,9
Балкашин ауылдық округі 5883 ▼5290 89,9 2741 ▼2493 91 3142 ▼2797 89
Барақпай ауылдық округі 780 ▼334 42,8 392 ▼176 44,9 388 ▼158 40,7
Белгород ауылдық округі 918 ▼657 71,6 456 ▼328 71,9 462 ▼329 71,2
Бірлік ауылдық округі 1034 ▼1029 99,5 521 ▲526 101 513 ▼503 98,1
Васильев ауылдық округі 1061 ▼642 60,5 526 ▼321 61 535 ▼321 60
Весёлов ауылдық округі 1187 ▼807 68 576 ▼412 71,5 611 ▼395 64,6
Жамбыл ауылдық округі 1048 ▼782 74,6 520 ▼382 73,5 528 ▼400 75,8
Каменка ауылдық округі 1420 ▼1162 81,8 708 ▼584 82,5 712 ▼578 81,2
Лесной ауылдық округі 1514 ▼1289 85,1 747 ▼629 84,2 767 ▼660 86
Максимов ауылдық округі 1900 ▼1609 84,7 914 ▼767 83,9 986 ▼842 85,4
Мәдениет ауылдық округі 550 ▼499 90,7 273 ▼260 95,2 277 ▼239 86,3
Сандықтау ауылдық округі 1953 ▼1459 74,7 951 ▼725 76,2 1002 ▼734 73,3
Широков ауылдық округі 848 ▼614 72,4 448 ▼314 70,1 400 ▼300 75
ЖАЛПЫ САНЫ 21521 ▼17185 79,9 10468 ▼8433 80,6 11053 ▼8752 79,2

Шаруашылығы мен инфрақұрылымы

Ауданда 4 автокөлік мекемесі, 1 құрылыс ұйымы, 3 астық қабылдау пункті, май, ірімшік, нан з-ттары, тұрмыс қажеттерін өтейтін комб., баспахана жұмыс істейді. А. ш-мен 1 АҚ, 19 ЖШС, 190 шаруа қожалықтары шұғылданады. А. ш-на пайдаланатын жері 546,3 мың га (2004), оның ішінде егістігі 383,5 мың га, шабындығы 8,3 мың га, жайылымы 153,4 мың га, орманы 76 мың га (2004). Жыртылатын жердің 268,3 мың га-на дәнді дақылдар себіледі. Ауданда 2004 ж. 23,0 мың бас ірі қара, 9,1 мың қой мен ешкі, 7,9 мың шошқа, 4,9 мың жылқы, 53,7 мың құс болды.

Әлеуметтік салада ауданда 39 мектеп, мәдениет үйі, 23 клуб, аудандық аурухана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 31 фельдш.-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді (2004).

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Дина Нұрпейісова

  • Сәуір 04, 2026

    Еділ-Дон каналы

  • Сәуір 03, 2026

    Термодинамикалық фаза

  • Сәуір 03, 2026

    Көне келісім

  • Наурыз 11, 2026

    Қарахан мемлекеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары