| Қала | |||
| Саран | |||
| |||
| Әкімшілігі | |||
|---|---|---|---|
| Ел |
| ||
| Облысы | |||
| Әкімі | Дарын Бейбітұлы Бұлқайыр | ||
| Тарихы мен географиясы | |||
| Координаттары | 49°47′ с. е. 72°51′ ш. б. / 49.783° с. е. 72.850° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°47′ с. е. 72°51′ ш. б. / 49.783° с. е. 72.850° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
| Құрылған уақыты | 1954 жыл | ||
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
| Тұрғындары | |||
| Тұрғыны | 34 636 адам (2023) | ||
| Ұлттық құрамы | орыстар (57,53 %) | ||
| Сандық идентификаторлары | |||
| Автомобиль коды | 09 | ||
| Саран қаласының әкімдігі (қаз.) | |||
Саран шекарасы | |||
Саран (Сораң) — 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған Қарағанды агломерацияcына жататын шағын қала. Қала аумағы 174,0 шаршы километрге тең. Қарағандының батысында 15 шақырым жерде орналасқан.

1943 жылы Саран көмірлі ауданын игеруге байланысты іргесі қаланды. Қаланың негізгі экономикасын өнеркәсіп кәсіпорындарын құрайды. Өнеркәсіптің өндіруші және химия салалары басымшылық алып отыр.
| 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 42058 | ▼33699 | 80,1 | 19746 | ▼16028 | 81,2 | 22312 | ▼17671 | 79,2 |
Қалада 2007 жылға 319 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде
Негізгі экономикалық бағыт:
Қаланың негізгі кәсіпорындары:
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: - резеңке-техникалық бұйымдар; - көмір.
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 4840 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 25411 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 6597,0 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1250,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнен 3,5 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 547,7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 126,9%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 781,6 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 159,3 млн. теңге.
2006 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өңдірушілерінің нақты бары: 2 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 12 шаруа қожалығы, 4,4 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0,8 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылды, оның ішінде 0,6 мың га - егістік алқаптар.
2006 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 1,8 мың бас; қой мен ешкі – 0,5 мың бас; шошқа – 2,3 мың бас; құс – 4,1 мың бас.
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
Қалада