Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Жақсытағылы, Шетшоқы және Байназар тауларының етегінен бастау алып, Көктіңкөлі көлін жарып ағады да Атасу кенті тұсында Сарысу өзе

Жаман Сарысу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жаман Сарысу өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 155 км
Су алабының
ауданы
9200 км²
Су алабы Сарысу өзені
Су ағысы
Бастауы Жақсытағылы, Шетшоқы және Байназар тауларының етегі
  Координаттары 48°24′14″ с. е. 72°16′24″ ш. б. / 48.40389° с. е. 72.27333° ш. б. / 48.40389; 72.27333 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Сарысу өзені
  Координаттары 48°40′27″ с. е. 71°35′45″ ш. б. / 48.67417° с. е. 71.59583° ш. б. / 48.67417; 71.59583 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°40′27″ с. е. 71°35′45″ ш. б. / 48.67417° с. е. 71.59583° ш. б. / 48.67417; 71.59583 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы, Ұлытау облысы

Жаман СарысуСарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағып өтеді.

Бастауы

Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Жақсытағылы, Шетшоқы және Байназар тауларының етегінен бастау алып, Көктіңкөлі көлін жарып ағады да Атасу кенті тұсында Сарысу өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 155 км, су жиналатын алабы 9200 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы жоғары жағында тік жарлы, енсіз келеді, бірте-бірте кеңейіп 100 – 120 м-ге жетеді. Салалары – Құрманақа, Жаманөзек, Қарағанды, Қайрақты, Сұлуайса, т.б. Жылдық орташа су ағымы 0,6 м3/с. Тамыз айынан бастап деңгейі күрт төмендейді. Жайылым суландырылады.‎

Жоғары