Сары мырза (туған жылы белгісіз – 1689) — би, елші, батыр. Тәуке ханның оң қолы бола білген хас батыр. Найман ішіндегі Матай руынан. 1688–1689 жылдары Тәуке ханның Ресейге жіберген елшілігін басқарып барған. Бірақ шекара мәселелеріне байланысты Ресей елшілікті ұстап қалып, Сары мырза сонда қайтыс болған. Баласы кейіннен матай руына ұран болған — Бөрібай батыр.
Пайдаланылған cілтемелер
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 10. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-21-09.
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санаттар:
- Қазақ би-шешендері
- Қазақ батырлары