Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дуглас Джеймс Бёргам (ағылш. Douglas James Burgum; 1 тамыз 1956 жыл, Солтүстік Дакота) — америкалық кәсіпкер және саясаткер, 2025 жылғы ақпаннан бергі АҚШ Ішкі

Даг Бёргам

  • Басты бет
  • Даг Бёргам

Дуглас Джеймс Бёргам (ағылш. Douglas James Burgum; 1 тамыз 1956 жыл, Солтүстік Дакота) — америкалық кәсіпкер және саясаткер, 2025 жылғы ақпаннан бергі АҚШ Ішкі істер министрі. Республикалық партияда мүшелікке ие ол 2016 жылдан 2024 жылға дейін Солтүстік Дакотаның губернаторы еді.

Даг Бёргам
ағылш. Doug Burgum
Даг Бёргам
Ресми портреті, 2025
Лауазымы
Ту
Ту
55-АҚШ Ішкі істер министрі
Ту
Ту
1 ақпан 2025 жылдан бастап
Президент Дональд Трамп
Ізашары Деб Холанн
Ту
Ту
Солтүстік Дакотаның 33-губернаторы
Ту
Ту
15 желтоқсан 2016 — 15 желтоқсан 2024
Ізашары Джек Далримпл
Ізбасары Келли Армстронг
Өмірбаяны
Партиясы Республикашыл
Білімі Солтүстік Дакота штатының университеті
Стэнфорд университеті
Ғылыми дәрежесі Өнер бакалавры
Бизнес әкімшілігі магистрі
Дүниеге келуі 1 тамыз 1956 (1956-08-01) (69 жас)
Артур, Касс округі, Солтүстік Дакота, АҚШ
Туған кездегі есімі Дуглас Джеймс Бёргам (ағылш. Douglas James Burgum)
Жұбайы
  • Карен Стоукер
    ​
    ​
    (үйл. 1991; аж. 2003)​
  • Кэтрин Хельгаас
    ​
    ​
    (үйл. 2016)​
Балалары 3
Сайты doi.gov
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Даг Бёргам Ортаққорда
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Ерте жылдары

Даг Бёргам Артур, Солтүстік Дакота кішігірім қаласында тәрбиеленді. Ол Солтүстік Дакота штатының университетінде және Стэнфорд университетінде оқыды. Стэнфордтағы оқуы кезінде ол кейін Microsoft CEO-сы болған Стив Балмермен танысты.

Бизнес мансабы

1983 жылы Бёргам Great Plains Software атты кішігірім технологиялар стартап компаниясына инвестиция жасады. 1984 жылы ол оның президенті болды. Бёргам 2001 жылы бұл компанияны $1.1 миллиардқа Microsoft-қа сатты. Microsoft-та жұмыс істегенде ол Microsoft Business Solutions-қа басшылық етті. Ол, оған қоса, Atlassian мен SuccessFactors кеңестерінің директоры болды. Бёргам Kilbourne Group атты жылжымалы мүлік дамыту компаниясын құрды.

Солтүстік Дакота губернаторы

2016 жылы Бёргам республикашыл ретінде Солтүстік Дакота губернаторы лауазымына сайланбақ болды..

Губернатор ретінде Бёргам Солтүстік Дакотаны 2030 жылға қарай көміртек бейтарап етуді мақсат қылды. 2018 жылы Бёргам Vision Zero жобасының негізін салды. Содан бері штаттағы жол-көлік оқиғасымен байланысты өлімдер саны күрт азайды.

2024 жылғы 22 қаңтарда Бёргам үшінші губернаторлық мерзімге бармайтынын айтты. 2024 жылғы желтоқсанда оның өкілеттігі аяқталды.

2024 жылғы президенттікке кампаниясы

Бёргам 2023 жылғы 7 маусымда өзін АҚШ президенттігіне ұсынды. Ол осылайша АҚШ президенттігіне барған тұңғыш солтүстік дакоталық болды. Кейбір дереккөз хабарлауынша, Бёргам — АҚШ тарихындағы сайлауалды жарнамаға ең көп ақша жұмсаған президенттікке кандидат. Үшінші және төртінші пікірталасқа түсе алмаған және сауалнамаларда төмен баға алған ол 2023 жылғы 4 желтоқсанда үміткерлігін тоқтатты. Бұдан кейін Бёргам Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясына көмектесетін болды. Трамп кейін Бёргамды әкімшілігіндегі маңызды адам деп те атады.

2024 жылғы мамырда Бёргам Трамптың сайлаудағы болжамды серіктестері тізіміне түсті. 2024 жылғы шілдеде Бёргам мен АҚШ Сенаторы Джей Ди Вэнс бұл лауазымға келе алатын жалғыз екі болжамды үміткер болды, алайда ақыр-аяғы Трамп Вэнсты таңдады.

АҚШ Ішкі істер министрі

2024 жылғы 14 қарашада жаңадан сайланған президент Дональд Трамп Бёргамды АҚШ Ішкі істер министрі лауазымына ұсынды. Трамп, оған қоса, Бёргамды Ұлттық энергия кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынды, бұл лауазымдағы Бёргам қайта реттеу мен жеке инвестициялармен айналыспақ болды. Бұл лауазым Бёргамды Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі де қылатын еді.

Өз өмірі

Бёргам тұңғыш әйелі Карен Стокерге 1991 жылы үйленді. Жұп 2003 жылы ажырасты. Олардың үш баласы бар. 2016 жылы Бёргам Кэтрин Хелгаасқа үйленді. 2016 жылғы қарашада ол жалпы дауыстың 75% астам пайыз жинап, губернатор сайланды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Хақ-Назар хан

  • Сәуір 05, 2026

    Қонаев (қала)

  • Наурыз 27, 2026

    Тасмола мәдениеті

  • Сәуір 03, 2026

    Іле ауданы

  • Наурыз 21, 2026

    Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары