| Сораң | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Биіктігі | 1208 м |
| Орналасуы | |
| 48°55′00″ с. е. 74°41′15″ ш. б. / 48.91667° с. е. 74.68750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°55′00″ с. е. 74°41′15″ ш. б. / 48.91667° с. е. 74.68750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Сораң – Қызылтас тауларының солтүстік бөлігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1208 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.
Геологиялық құрылымы
Элювийлі-делювийлі шөгінділерден тұратын төменгі девонның жанартаутекті жыныстарынан түзілген. Көптеген қайнар көздері бар.
Өсімдігі
Топырағы қызғылт қиыршықтасты, кей жерлерде қызғылт топырақты сортаң. Жусан, көде, шілік өседі.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Қарқаралы ауданы таулары

