Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сэр Стивен Джон Фрай (ағылш. Sir Stephen John Fry; 24 тамыз 1957, Лондон) — ағылшын актёрі, комик, жүргізуші мен жазушы. «Фрай мен Лори» атты комедиялық жұбының

Стивен Фрай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Стивен Фрай
Stephen Fry
Фрай, 2024 жыл
Фрай, 2024 жыл
Толық есімі

Стивен Джон Фрай

Туған күні

24 тамыз 1957 (1957-08-24)(69 жас)

Туған жері

Хампстед, Лондон, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы
  •  Ұлыбритания
  •  Аустрия
Қызметі
  • Актёр
  • комик
  • жүргізуші
Белсенділігі

1980–

Жұбайы
Эллиотт Спенсер
(үйл. 2015)
Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Сайты

stephenfry.com

Ортаққордағы Стивен Фрай

Сэр Стивен Джон Фрай (ағылш. Sir Stephen John Fry; 24 тамыз 1957, Лондон) — ағылшын актёрі, комик, жүргізуші мен жазушы. «Фрай мен Лори» атты комедиялық жұбының мүшесі ретінде Хью Лоримен қатар белгілі болды. Кейін ол комедиялық-ақпараттық «QI» шоуының (2003–2016) жүргізушісі де болды, осы үшін Телевизия саласындағы Британ Академиясының сыйлығына алты мәрте ұсынылды. 2006 жылғы ITV арнасының «Телевизияның 50 Ең Ұлы Жұлдызы» (ағыл.) сауалнамасында Фрай 9-орынға жайғасты.

«Уайльд» (1997) фильмінде Оскар Уайльд рөлін сомдағаны үшін Фрай Драмадағы үздік ер адам рөлі үшін Алтын глобус сыйлығына ұсынылды. 2001 жылдан 2017 жылға дейін Фрай кино саласындағы Британ Академиясы сыйлығының марапатталу рәсімін 12 мәрте жүргізді.

Фрай театрдағы мансабы үшін де белгілі. Осы үшін ол екі рет Лоренс Оливье сыйлығын жеңді. Ол Бродвей театрына көшкен Тони жүлдесіне ұсынылды.

Фрай түрлі деректі хикаяларын жазған және жүргізген, біреуі үшін Эмми сыйлығын (2006) жеңген. Ол, оған қоса, — белгілі жазушы, түрлі журнал мен газетке үлесін қосқан, төрт новелла мен үш автобиография жазған. Фрай өз даусын да бірнеше жобаға берген, бір кездері Хәрри Поттер мен қонжық Паддингтон аудиокітаптарын дыбыстаған. 2025 жылы психикалық денсаулық, қоршаған орта мен қайырымдылық үшін активизмі үшін Британ монархы Фрайды рыцарь-бакалавр қылып, сэр атады.

Ерте жылдары және білімі

Батыс Англия колледжіндегі Фрай, Норфолк, 1975 жыл

Стивен Джон Фрай 1957 жылғы 24 тамызда Лондонның Хампстед аймағында дүниеге келген. Анасы — тарихшы Марианна Ева Фрай (туғанында Нойманн) және әкесі — физик пен өнертапқыш Алан Джон Фрай (1930–2019). Роджер есімді туған ағасы және Джоанна есімді қарындасы бар. Өз әжесі Элла Фрайдың (туғанында Принг) тегі Чешир (ағыл.) мен Кенттен (ағыл.). Ерте 1800 жылдары Сэмуел Фрай баба Суррейге көшіп келді, ұрпағы Мидлсексте (ағыл.) орнасты. Фрайдың анасы еврей еді, бірақ Фрайдың өзі зайырлы ортада тәрбиеленді. Нағашы ата-әжесі, Мартин мен Роза Нойманн, 1927 жылы Шураниден (ағыл.) (қазіргі Словакия) Ұлыбританияға көшіп келген мажарстандық еврейлер еді. Олар Бери-Сент-Эдмундсте (ағыл.) орналасты. Басынан Венада тұрған Розаның әке-шешесі Ригадағы нацистік геттоға көшіріліп, сол жерде өлтірілді. Нағашы тәтесі мен балалары Освенцим мен Штуттгоф лагерлеріне (ағыл.) жіберіліп, содан оралмады.

Фрай балалық шағын Англияның Норфолк (ағыл.) аймағында өткізді. Бір кездері ол Глостершир, кейін Ратленд графтықтарына көшті. Ратлендтегі мектепте жеті жасар Фрай «деміккен данышпан» делінді. 14 жасында жазған емтихандар қатарынан ол тек физика емтиханын тапсыра алмады. Фрай бала кезіндегі өзін «құбыжық бала» деп, тәртіпсіз болғаны үшін оқуынан қуылғанын айтты.

Фрай кейін Норфолк өнер мен технология колледжіне түсті, ол жерде ағылшын, француз тілдерін, өнер тарихын оқыды, алайда басты емтихандарды сәтсіз тапсырды. Кейін Фрай Норидж қалалық колледжінде оқып, Кембридж университетіне дайындалатын болды. 1977 жылы ол ақыры емтхандарын тапсырып, Кембридж университетінің Куинз-колледжіне шақырту алды. Кембриджтегі оқуы кезінде Фрай (ортақ досы Эмма Томпсон арқылы) болашақ әріптесі Хью Лоримен танысты.

Мансабы

1981–1993: Скетч-комедиялық бастауы

1980 жылдары Фрай түр-түрлі пьесалар жазды, адаптациялар жасады. Бірнешеуі түрлі марапат алды. 1982 жылдан Фрай түрлі жарнамада түсті, бір кездері өзі актёр болып, басқа кездері дыбыстама жасап.

Фрайдың телевизиядағы мансабы өзі, Хью Лори, Эмма Томпсон, Тони Слэттери (ағыл.) жазған «The Cellar Tapes» атты ревюдың 1982 жылғы тұсаукесерінен басталды. 1983 жылы олардың екінші телехикаясы, «Alfresco», 1984 жылы үшіншісі жарық көрді. Фрай мен Лори осылар арқылы комедиялық дуэт ретінде белгілі болды. 1983 жылы BBC Фрай, Лори мен Томпсонға шоу жасасын деген ұсыныс берді. Ғылыми фантастика мен мокументалдық (ағыл.) жанрларын қосқан бұл шоу кейін «The Crystal Cube» делінді, алайда бір эпизодтан кейін жарық көрмейтін болды. Фрай, Лори мен Томпсон сонда да телевизиядағы шығармашылық мансабын жалғастыра берді.

1986 жылы BBC Фрай мен Лори шоуы (ағыл.) атты скетч-комедия шоуының басталуын ұсынды. 1987 жылғы тұңғыш эпизодтың тұсаукесерінен кейін шоу 1989 жылдан 1995 жылға дейін 26 эпизод бойы жарық көрді. Осы жылдары Фрай, оған қоса, Қара сұр жылан (ағыл.) телехикаясының сиквелдерінде Артур Уэлсли Веллингтон рөлін сомдады. 1990 жылдан 1993 жылға дейін Фрай Дживс пен Вустер телехикаясында Дживс (ағыл.) рөлін сомдады (Хью Лори Берти Вустер (ағыл.) рөлін сомдады). Түрлі пьеса мен кітаптардың BBC жасаған адаптацияларында Фрай түр-түрлі рөлдер сомдаған.

Фрай кинодағы актёрлік дебютін Жақсы әке (ағыл.) (1985) фильмінде жасады. Түрлі фильмде көрінген ол, оған қоса, BBC-дың түрлі каналдарында радиожүргізуші де болды. 1988 жылы ол өзі бастаған «Saturday Night Fry» шоуын жүргізді.

1994–2008: Фильм, дыбыстама, QI

Фрай 1997 жылғы «Уайльд» фильміндегі Оскар Уайльд (суреттелген) рөлін «сомдауға туғанбын» деген

Фрайдың тұңғыш романы, «Алдамшы (ағыл.)», 1991 жылы жарық көрді. Фрай бұдан кейін тағы үш роман, автобиографиясының үш томын жазды. Фрайдың «Тарих қалай жасау (ағыл.)» (1996), «Сусиыр (ағыл.)» (1994), «Жұлдыздардың теннис доптары (ағыл.)» (2000) шығармалары белгілі болды. Екіншісі 2017 жылы фильмге (ағыл.) адаптацияланды. Фрайдың «Аздау сапарлаған ода (ағыл.)» атты кітабы оқырманға поэзия жазуды үйретеді.

Tatler журналына әдебиет сынын ұсынған Фрай «Вилливер Гендри» лақап атынан жазды. Ол бір кездері «The Listener (ағыл.)», «The Daily Telegraph», «The Guardian» газеттеріне үлес қосты. Тұңғыш екі ғана аптасында оның блогын 300 000 оқырман көрді.

Фрай 1995 жылы Cell Mates пьесасында басты рөлдердің біріне таңдалды, бірақ Вест-Эндтегі қойылым басталғаннан кейін үш күн өткен соң, сахнадан қорқатынын айтып, одан кетіп қалды. Кейін ол бұл оқиғаны биполярлық бұзылыс туралы деректі фильмінде гипоманиялық эпизод ретінде еске алды. Өзінің кумирі Оскар Уайльдты (оны 13 жасынан бері қатты құрметтеп келген) 1997 жылғы «Уайльд» фильмінде сомдай отырып, ол бұл рөлді сыншылардың жоғары бағасына ие болатындай деңгейде орындады. Осы рөлі үшін ол «Үздік актёр — Драма» санатындағы Алтын глобуспен марапатталды.

Жоғары