Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сун империясы (қытайша: 宋朝 (Sòng Cháo|Сун Чао) — государство в Китае, существовавшее с 960 по 1279. Правящая династия — Чжао (趙), по фамилии рода государей.-оңт

Сун империясы

  • Басты бет
  • Сун империясы

Сун империясы (қытайша: 宋朝 (Sòng Cháo|Сун Чао) — государство в Китае, существовавшее с 960 по 1279. Правящая династия — Чжао (趙), по фамилии рода государей.-оңтүстік Қытайда ХІІ – ХІІІ ғасырларды өмір сүрген мемлекет. 127 жылы қайта құрылған Сун империясы 960 жылы құрылған Сун империясының ізбасары болды. Алғашқы Сун империясының әлсіреуіне солтүстік аймақтағы жаңадан бой көтерген көшпелілер мемлекеті себепші болды. Осы кезде оларға қарсылық көрсете алмаған Сун патшалығының әскери күшінің тең болмауынан әлсіздігін байқатты. Кейіннен шүршіттердің Цзинь мемлекетінің күшейе бастағанын байқаған Сун патшалығының сарайы Кайфынды тастап, Янцзының оңтүстік жағасына орналасты. 1127 жылы Ханчжоуға император сарайын орналастырып, сол жерге астанасын салды. Осылайша Сун әулетінің тарихы екі кезеңге: солтүстік (960-1127) және оңтүстік (1127-1279) болып бөлінеді. Шүршіттердің негізгі тірегі болған сундық мемлекеттік құрылым оңтүстік Қытай кезеңінде мүлдем әлсіреп кетеді. Сун әулетінің екінші кезеңдегі билігі тұсында Янцзы өзінің қуатты ағысына арқа сүйеп, олар өздерін кауіпсіз сезінді. Оңтүстікке уақытша орналасқан Сун мемлекеті Цзин патшалығымен ұзаққа созылған шайқастар нәтижесінде екі жақты келісімге келіп, Сун императоры өзінің тәуелділігін мойындады. Екі арадағы шекара болып Хуайшай өзені белгіленді. Ол солтүстіктен төнген қауіп бұлтын сейілткен соң оңтүстік Қытай аймағын тез арада көркейтіп, өте бай және гүлденген мемлекетке айналдырды. Дегенмен, ХІІІ ғасырда оңтүстік Қытайдағы Сун мемлекетіне қайтадан жаңа қауіп төне бастады. Бұл жолғы қауіп шүршіттерді күйрете соғып, оңтүстік қытайды иемденуге ұмтылған маңғолдардан төнді. Сун империясының маңғолдарға қарсы шығуы бір ғасыр уақытқа созылды. Ақырында, оңтүстік Сун империясы құлдырап, елде жаңадан моңғолдық Юань әулетінің билігі орнады.

Сурет:Сун императоры.
Сун империясы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Марқакөл (ауыл)

  • Наурыз 13, 2026

    1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс

  • Сәуір 05, 2026

    Саха Республикасы

  • Сәуір 03, 2026

    Рейхстаг (ғимарат)

  • Сәуір 06, 2026

    Жаңаарқа ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары