Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

'''Қызы:''' Айша бегім."},"Партиясы":{"wt":""},"Білімі":{"wt":""},"Мамандығы":{"wt":""},"Қызмет еткен жылдары":{"wt":""},"Құрамында болды":{"wt":""},"Әскер түрі

Суфиян хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Суфиян хан
шағат.: سفيان خان
Лауазымы
Хиуа хандығының ханы
1525  1535
Ізашары Хасанқұл хан 1519–1524
Ізбасары Буджуга хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі Белгісіз
Орталық Азия
Қайтыс болуы 1535 (1535)
Үргеніш
Әкесі Әмінек хан
Балалары Ұлдары: Жүсіп, Жүніс, Әли.
Қызы: Айша бегім.

Суфиян хан (шағат.: سفيان خان‎; 1535 жылы қайтыс болған, Үргеніш) — 1525—1535 жылдары Хорезм мемлекетінде (Хиуа хандығында) билік еткен Арабшахтар әулетінің төртінші өкілі.

Шығу тегі

​Суфиян хан — Әмінек ханның ұлдарының бірі және Өзбек ұлысының билеушісі Жәдігер ханның ұрпағы.

Билікке келуі

​Суфиян хан 1525 жылы Хасанқұл хан қайтыс болғаннан кейін билікке келді. Оның төңірегіне ең көп санды және қуатты әулеттік топ бірікті, олар Хорезмге келген бетте Хиуа, Хазарасп және Қият қалаларын басып алды. Суфиян хан мен оның айналасындағы сұлтандар өз жасақтарымен Хорезмнің оңтүстік-шығыс бөлігін, сондай-ақ Копетдагтың солтүстік беткейіндегі бірқатар аймақтарды бағындырды. ​Жаулап алу процесі жер иеліктерінің жаңаша бөлінісіне алып келді. Сонымен, Уәзір, Жаңішаһар, Тирсақ, сондай-ақ Дарун мен Маңғыстау түбегі түрікмен тайпаларымен бірге Берке сұлтанның немерелеріне тиді, олардың ішіндегі ең қуаттысы Сұлтанғазы болды. Әмінек ханның төрт ұлы Хиуа, Хазарасп, Қият, Бағабад, Ниса және басқа да қалалардағы билікті өзара бөліске салды, сондай-ақ олар Абылхан мен Дабыстанда тұратын түрікмендерді де өздеріне бағындырды.

Суфиян ханның билігімен бірге Хорезмдегі билік біржола Әмінек хан әулетінің өкілдеріне өтті. Ал Берке сұлтанның ұрпақтары біртіндеп өз позицияларынан айырылып, соңында Бұхараға қашуға мәжбүр болды.

Суфиян хан 1535 жылы қайтыс болғаннан кейін, Хорезмдегі билікке оның інісі Буджуга хан келді.

Әдебиет

  • ​Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
  • ​История Узбекистана. Т.3. Т., 1993.
  • ​История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990
  • ​История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
  • Хорезм в истории государственности Узбекистана / Ртвеладзе Э.В., Алимова Д.А.  Ташкент: «Узбекистан файласуфлари миллий жамияти», 2013. — 336 б.
Жоғары