Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Хасанқұл хан (өзб. Hasanqulixon; ?–1524, Үргеніш) — 1519–1524 жылдары Хорезм мемлекетінде (Хиуа хандығында) билік еткен Шайбанилердің (өзбек әулеті) үшінші өкіл

Хасанқұл хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хасанқұл хан
өзб. Hasanqulixon
Лауазымы
Хиуа хандығының ханы
1519  1524
Ізашары Сұлтан Қажы хан (1518–1519)
Ізбасары Суфиян хан (1525–1535)
Өмірбаяны
Дүниеге келуі Белгісіз
Орталық Азия
Қайтыс болуы 1524 (1524)
Үргеніш
Әкесі Әбілек хан
Балалары Біләл сұлтан

Хасанқұл хан (өзб. Hasanqulixon; ?–1524, Үргеніш) — 1519–1524 жылдары Хорезм мемлекетінде (Хиуа хандығында) билік еткен Шайбанилердің (өзбек әулеті) үшінші өкілі.

Шығу тегі

Хасанқұл хан — Әбілек ханның ұлы және Өзбек ұлысының билеушісі Жәдігер ханның ұрпағы.

Билікке келуі

​Хасанқұл хан 1519 жылы Сұлтан Қажы хан қайтыс болғаннан кейін билікке келді. Ол Үргеніш қаласында хан тағына отырғызылды. Жақтастары Хасанқұл ханның жоғарғы билікке құқығын Шайбани-Арабшахтар әулетінің басқа үміткерлері арасындағы жасының үлкендігімен негіздеді. Сұлтанғазыны қолдайтын өзбек сұлтандарының тобы бұған қарсы шығып, Үргеніштің Хорасан қақпасының маңында шайқас болды. Бұл қақтығыс кезінде әулеттің кейбір өкілдері, соның ішінде Хасанқұл ханның жақтастарына қарсы күресу үшін Дешті Қыпшақтан шақырылған Әмінек ханның кенже ұлы Ағана сұлтан да қаза тапты. ​Қоршауда қалған Үргеніш тұрғындары біршама уақыт бойы қаланы табандылықпен қорғап, қарсылық көрсетті, өйткені биліктің ауысуы жеңімпаздар тарапынан жаңа алым-салықтардың салынуына әкелетін еді. Алайда көп ұзамай азық-түлік қоры таусылып, аштық басталды. 1524 жылы төрт айға созылған қоршаудан кейін Үргеніш алынды, Хасанқұл хан мен оның үлкен ұлы Біләл сұлтан өлім жазасына кесілді.

Үргеніш тағына Әмінек ханның ұлдарының бірі — Суфиян хан (1525–1535) отырды. Оның билікке келуімен Хорезмдегі билік біржола Әмінек хан әулетінің өкілдеріне өтті..

Әдебиет

  • ​Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
  • ​История Узбекистана. Т.3. Т., 1993.
  • ​История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990
  • ​История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
  • Хорезм в истории государственности Узбекистана / Ртвеладзе Э.В., Алимова Д.А.  Ташкент: «Узбекистан файласуфлари миллий жамияти», 2013. — 336 б.
Жоғары