Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының маңындағы жылғалардан басталып, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сілетітеңіз көліне құяды.

Сілеті (өзен)

  • Басты бет
  • Сілеті (өзен)

Сілеті – Ертіс алабындағы өзен.

Сілеті өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 407 км
Су алабының
ауданы
18500 км²
Су алабы Ертіс алабы
Су ағысы
Бастауы Ақмола облысы Шортанды ауданындағы жылғалар
 • Орналасқан жері Бозайғыр ауылы
 • Координаттары 51°16′42″ с. е. 71°46′37″ ш. б. / 51.27833° с. е. 71.77694° ш. б. / 51.27833; 71.77694 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Сілетітеңіз көлі
 • Координаттары 53°04′28″ с. е. 73°24′15″ ш. б. / 53.07444° с. е. 73.40417° ш. б. / 53.07444; 73.40417 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°04′28″ с. е. 73°24′15″ ш. б. / 53.07444° с. е. 73.40417° ш. б. / 53.07444; 73.40417 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ақмола облысы (Шортанды ауданы), Солтүстік Қазақстан облысы
 Басқа мағыналар үшін Сілеті деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны мен бастауы

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының маңындағы жылғалардан басталып, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сілетітеңіз көліне құяды.

Этимологиясы

Бұл өзен атының этимологиясы жөнінде бірнеше пікір бар. Ғ.Қоңқашбаевтың жазуына қарағанда, "атау моңғолдың чулуты немесе чулунты (қазақша тасты деген мағынада) сөзінен алынған. Бұған өзен басы терең шатқал, жартасты болып келуі себеп болған". Бұл пікірді қолдай отырып, А.Әбдірахманов: "Сонымен, чулуты//сілеті атаулары басқа түркі тілдеріндегі ташты//тасты сөзінің көне варианты" деп тұжырымдайды. Сілеті атауы түркі тіліне тән, ортақ "су", "өзен" мәнін білдіретін чул сөзінен қойылғаны байқалады. Оны мына салыстыру мысалдардан анық байқаймыз: "чул" - өзен, "су", "бұлақ" (шор тілі) чул - "тау өзені (хакас) чул, усть-чул өзендері хакас республикасында; чулту - "өзенді, өзені бар", чулча көл - Алтайда. Түркі тілдерінде с/ш/ч дыбыстарының алмасу жайы - тарихи құбылыс. Сол сияқты, у/ы/і дыбыстарының алмасу құбылыстары да көптеген сөздерде кездесетін жайт. Тіліміздегі Сілеті өзені осы Чулту атауының дыбыстық тұрғыдан өзгерген - "өзенді, өзені бар" яғни ұзаққа ағатын ұзын өзен" мәніндегі атау болуы ықтимал.

Гидрологиясы

Ұзындығы 407 км. Су жиналатын алабы 18500 км2. Аңғарының ені 500-700 м, кей жерінде 1,5-2 км. Арнасы тік жарлы (3,5-4 м), ені 40-50 м, кейде 120-500 м. Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 5,4 м3/с. Ірі салалары: Қоянды, Ақжар, Жартас, Кедей, Шолаққарасу, Шилі. Сағасынан 133 км жерден Сілеті бөгені салынған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Юлиан күнтізбесі

  • Сәуір 05, 2026

    Астралылар тұқымдасы

  • Сәуір 05, 2026

    Мемлекеттік қаржы

  • Сәуір 03, 2026

    Мұхаметжан Тынышбайұлы

  • Наурыз 11, 2026

    Асан қайғы Сәбитұлы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары