Шортанды ауданы — Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы — Шортанды кенті.
| Қазақстан ауданы | |||
| Шортанды ауданы | |||
![]() | |||
| |||
| Әкімшілігі | |||
|---|---|---|---|
| Облысы | |||
| Аудан орталығы | Шортанды | ||
| Ауылдық округтер саны | 9 | ||
| Кенттік әкімдіктер саны | 2 | ||
| Ауыл саны | 29 | ||
| Әкімі | Сағындық Серікбайұлы Шабаров | ||
| Аудан әкімдігінің мекенжайы | Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, №20 | ||
| Тарихы мен географиясы | |||
| Координаттары | 51°41′53″ с. е. 71°56′42″ ш. б. / 51.69806° с. е. 71.94500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°41′53″ с. е. 71°56′42″ ш. б. / 51.69806° с. е. 71.94500° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
| Құрылған уақыты | 1939 | ||
| Жер аумағы | 4,7 мың км² | ||
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
| Тұрғындары | |||
| Тұрғыны | 27 549 адам (2023) | ||
| Тығыздығы | 5,9 адам/км² | ||
| Ұлттық құрамы | қазақтар (41,1%), орыстар (33,99%), немістер (6,01%), украиндар (5,89%), поляктар (4,37%), беларустар (2,67%), татарлар (1,7%), басқалары (4,27%) | ||
| Сандық идентификаторлары | |||
| Пошта индексі | 021600-021615 | ||
| Автомобиль коды | 03 | ||
| Шортанды ауданының әкімдігі | |||
|
| |||
|
| |||
Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Ақкөл ауданымен, шығысында Астрахан, батысында Ерейментау аудандарымен, оңтүстігінде Целиноград ауданы және Астана қаласымен шектеседі.
Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігін ала орналасқан. Жер бедері — саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі.
Тарихы
Шортанды ауданы 1939 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы Новокубанка ауылы болып, 1954 жылы Шортанды кентіне ауыстырылған. 1963 жылы аудандарды ірілендіру кезінде Алеексев ауданымен біріктіріліп, 1966 жылы қайта бөлінген.
Климаты
Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –17–18°С, шілденікі 19–21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300–350 миллиметр. Аудан жері арқылы Қалқұтан өзені мен оның салалары – Дамса, Ащылыайрық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Бозайғыр, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар.
Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан дала бүркіті, бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.
Шаруашылығы
Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, оған қосымша сүтті, етті-сүтті мал, шошқа, жылқы, картоп, көкөніс өсіруге маманданған 1 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зертеу институтының тәжірибе шаруашылығы болған. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты олардың барлығы дерлік жекешелендірілді. Ауданның барлық шаруашылық салалары 2006 жылы 4038,9 миллион теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп саласында «Қазақалтын кен-металлургия» АҚ-ның бөлімшесі — Жолымбет алтын кеніші, жиһаз фабрикасы (Шортанды), тігін фабрикасы (Жолымбет), май зауыты, аудандық баспахана, т.б. жұмыс істейді. Бұлар 2104,5 миллион тонна өнім өндірді (2005). Ауыл шаруашылығымен 35 кәсіпорын, 109 шаруа қожалығы, 8123 жұртшылық (жеке шаруа) шұғылданады (2005). Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 438,5 мың гектар, оның 287,4 мың гектары егістік, 2,6 мың гектары шабындық, 148,2 мың гектары жайылым. Көп жылдық отырғызылған ағашы 0,3 мың гектар жерді алады. 2007 жылдың басында ауданда 18,9 мың бас мүйізді ірі қара, 7,6 мың қой мен ешкі, 23,0 мың шошқа, 2,1 мың жылқы, 34,3 мың құс болды. Олардан 4,6 мың тонна ет, 23,7 мың тонна сүт, 3829 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда 3 балабақша, 4 бастауыш, 11 негізгі, 16 орта мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 31 кітапхана, орталық аудандық аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Шортанды кентінде мәдениет және демалыс саябағы орналасқан. Аудан жері арқылы республикалық маңызы бар Астана–Көкшетау автомобильдік жолы өтеді.
Халқы
| 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 37166 | ▲43236 | ▼39245 | ▼38695 | ▼33074 | ▼29580 | ▼27825 |
Тұрғындар саны: 29538 адам (2019).
- Ұлттық құрамы: қазақтар (39,95%), орыстар (34,36%), немістер (6,20%), украиндар (6,18%), поляктар (4,64%), беларустар (2,80%), татарлар (1,72%), басқалары (4,15%)
Халықтың 1 шаршы километрге шаққандағы орташа тығыздығы 5,9 адам.
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 29 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
| Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | % | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | % | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | % |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Андреев ауылдық округі | 1134 | ▼967 | 85,3 | 556 | ▼475 | 85,4 | 578 | ▼492 | 85,1 |
| Бектау ауылдық округі | 1958 | ▼1865 | 95,3 | 1007 | ▼948 | 94,1 | 951 | ▼917 | 96,4 |
| Бозайғыр ауылдық округі | 3717 | ▼3552 | 95,6 | 1822 | ▼1809 | 99,3 | 1895 | ▼1743 | 92 |
| Дамса ауылдық округі | 4482 | ▲4740 | 105,8 | 2122 | ▲2299 | 108,3 | 2360 | ▲2441 | 103,4 |
| Жолымбет кенттік әкімдігі | 4258 | ▼4011 | 94,2 | 2118 | ▼2066 | 97,5 | 2140 | ▼1945 | 90,9 |
| Новокубан ауылдық округі | 2036 | ▼1845 | 90,6 | 1026 | ▼926 | 90,3 | 1010 | ▼919 | 91 |
| Новосёлов ауылдық округі | 1356 | ▼978 | 72,1 | 661 | ▼503 | 76,1 | 695 | ▼475 | 68,3 |
| Петров ауылдық округі | 1721 | ▼1358 | 78,9 | 844 | ▼681 | 80,7 | 877 | ▼677 | 77,2 |
| Пригородный ауылдық округі | 1166 | ▼837 | 71,8 | 577 | ▼415 | 71,9 | 589 | ▼422 | 71,6 |
| Раевка ауылдық округі | 1484 | ▼1110 | 74,8 | 729 | ▼558 | 76,5 | 755 | ▼552 | 73,1 |
| Шортанды кенттік әкімдігі | 6268 | ▲6562 | 104,7 | 3032 | ▲3226 | 106,4 | 3236 | ▲3336 | 103,1 |
| Жалпы саны | 29580 | ▼27825 | 94,1 | 14494 | ▼13906 | 95,9 | 15086 | ▼13919 | 92,3 |
