| Ауыл | |
| Сүйіндік | |
![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Сүйіндік |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 48°07′56″ с. е. 47°40′26″ ш. б. / 48.13222° с. е. 47.67389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°07′56″ с. е. 47°40′26″ ш. б. / 48.13222° с. е. 47.67389° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼1823 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 06 |
Сүйіндік шекарасы | |
Сүйіндік — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы.
Аудан орталығы – Құрманғазы аулынан солтүстік-батысқа қарай 340 км жерде, Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс жағында орналасқан.

Іргесі 1957 жылы тың жерлерді игеру кезінде ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде қаланған. 1957 – 1996 жылдары асыл тұқымды қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған.
1996 жылы кеңшар негізінде Сүйіндікте және округтегі Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан, Үштаған ауылдарында “Сүйіндік” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

1999 жылы тұрғындар саны 2470 адам (1244 ер адам және 1226 әйел адам) болса, 2009 жылы 2113 адамды (1054 ер адам және 1059 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1823 адамды (949 ер адам және 874 әйел адам) құрады.




