Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

​Ғибадалла сұлтан​​Әбілмансұр сұлтан​​Сиддық Мұхаммед​​[[II Ұбайдулла хан]]​​Асадулла сұлтан​​[[Әбілфейіз хан]]"},"Партиясы":{"wt":""},"Білімі":{"wt":""},"Маман

Сұбханқұл хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сұбханқұл хан
шағат.: سبحان قلی خان
Лауазымы
Бұхара хандығының ханы
1681  1702
Ізашары Әбділазиз хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1625 (1625)
Бұхара, Бұхара хандығы
Қайтыс болуы 1702 (1702)
Бұхара, Бұхара хандығы
Әкесі Нәдір Мұхаммед хан
Балалары Ескендір сұлтан
​Ғибадалла сұлтан
​​Әбілмансұр сұлтан
​​Сиддық Мұхаммед
​​II Ұбайдулла хан
​​Асадулла сұлтан
​​Әбілфейіз хан

Сұбханқұл хан (1624 немесе 1625, Бұхара — 1702, Бұхара) — Бұхара хандығының билеушісі, Жәнилер (Аштархан) әулетінің өзбек тармағынан шыққан алтыншы хан. Ол мемлекетті 1681–1702 жылдар аралығында басқарды.

Ішкі саясаты

1681 жылы Әбділазиз хан інісі Сұбханқұл ханның пайдасына тақтан бас тартты. Бұған дейін Сұбханқұл 1651 жылдан 1680 жылға дейін Балх аймағын басқарған болатын. 1681 жылғы 2 ақпанда Бұхара мешіттерінде жаңа билеуші Сұбханқұл ханның есімімен құтпа оқылды.

1660–1680 жылдары Бұхара хандығы Хорезм билеушілері Әбілғазы мен Ануша ханның үздіксіз тонаушылық жорықтарына ұшырады. 1687 жылы Сұбханқұл хан Хорезм әскерін талқандады, ал 1688 жылы Хиуа тағына өз адамы Шахниязды отырғызды.

Елдегі экономикалық жағдай нашарлай түсті, ішкі саяси қайшылықтар жыл өткен сайын өршіп, Сұбханқұл хан оларды зор қиындықпен еңсерді. Сұбханқұл хан билігінің соңына қарай бағынышты көшпелі тайпалардың сепаратизмі күрт күшейді.

Сыртқы саясаты

​Сұбханқұл хан Әмір Темірдің ұрпағы, Ұлы Моғолдар мемлекетінің падишаһы Аурангзебпен (1658–1707) дипломатиялық қарым-қатынаста болды. Сонымен қатар Осман империясымен және Ресеймен елшіліктер алмасуы жүріп жатты.

1685 жылдың басында Аурангзеб Сұбханқұл ханға өзінің танымал әмірлерінің бірі Зебердест ханды түрлі тарту-таралғылармен жіберді. Сыйлықтардың ішінде тірі пілдер де болды.

1691 жылы Осман сұлтаны II Ахмет Сұбханқұл ханға өзінің сенімді өкілдерінің бірі Мұстафа шаушты жіберді. Ол араб сәйгүліктері, түрлі асыл тастар, сан алуан маталар және басқа да бағалы сыйлықтар ала келді.

​Сұбханқұл хан салған ғимараттар

​Сұбханқұл хан билік құрған кезеңде Бұхара мен Балх қалаларында медреселер, сондай-ақ Бұхарада «Дор-уш-Шифо» (Шипажай) ауруханасы бой көтерді. Мұхаммед Юсуф Мунши Сұбханқұл ханның Балх қаласындағы құрылыстарына мынадай сипаттама береді:

​«Медресе өте кең әрі биік, сырты қышпен безендірілген. Ол Балх цитаделінің жоғарғы жағында алтынмен және лажырмен апталған ғимараттар салды. Құрылысты бекіністің төменгі жағынан бастап, биіктігін алпыс гязға дейін жеткізді. Бұл ғимарат өзінің кемелдігі мен айбыны жағынан ежелгі құрылыстармен тең түседі. Бекіністің төменгі бөлігінде террасасы бар қабылдау залы мен негізіне ақылды адамдардың есі таңғалатын жұма мешіті салынды. Биік бекіністің шығыс жағында «Әминабад» деп аталатын үлкен бақ орналасты. Оның ортасында терең ормен қоршалған, ішінде зәулім ғимараттары бар қамал бой көтерді. Бақтың бір жағында түрлі гүлзарлар мен жеміс ағаштары жайқалған алаңқайлар жасалды. Бұл орын «Баг-и заған» деп аталды».

Сұбханқұл ханның шығармашылығы

​Сұбханқұл хан медицина мен астрология салалары бойынша бірнеше еңбектің авторы болды. Ол медицинадан хабары бар адам ретінде өзі де емшілікпен айналысқан. Оның медицинаға арналған «Сұбханқұлдың медицинаны жандандыруы» («Ихйа ат-тибб Субхани») атты еңбегі Орта Азия түркі тілінде жазылған. Шығарма ауру түрлерін сипаттауға, оларды анықтау мен емдеу жолдарына арналған. Қолжазбаның бір данасы Будапешттегі кітапханада сақтаулы. Сұбханқұл ханның астрономияға арналған трактаты «Сәтті сағатты болжаудағы ай фазаларының мәні» («Лубб ал-лаваих ал-қамар фи-л-ихтийарат») деп аталды.

​Сұбханқұл хан поэзияға әуес болған және «Нишони» деген бүркеншік атпен өлеңдер жазған.

Сұбханқұл хан дәуірінің тарихшылары мен ақындары

​Бұл кезеңнің танымал өзбек ақындарының бірі Тұрды болды. Тағы бір белгілі ақын — өзбек әдебиетінің классигі, ақын әрі ойшыл Бабарахим Машраб (1657–1711). Ол сопылық тариқат жолын ұстанушы және Нақшбандия сопылық орденінің дәруіші болған (кейбір деректер бойынша, Машраб қаландарлар орденіне жатқан).

Қайтыс болуы

​Сұбханқұл хан 1702 жылғы 14 қыркүйекте Бұхарада қайтыс болды. Ол Бахауаддин Нақшбанд кесенесінің маңына жерленді. Оның мұрагері II Ұбайдулла хан (1702–1711) болды.

Естелік

​Ойшыл Ахмет Даныш (1827–1897) Орта Азия тарихын ең көрнекті билеушілердің, яғни «ғасырды жаңартушылардың» билік құру принципіне негіздеп кезеңдерге бөлуді ұсынды. Ол Сұбханқұл ханды осы тұлғалардың қатарына қосты. Осы жаңартушылармен бір дәуірде Мәуереннахр мемлекеттерінде аты озған ең білімді ғалымдар өмір сүрген.

Әдебиет

  • ​Алексеев А.К. Политическая история Тукай-Тимуридов: по материалам персидского исторического сочинения Бахр ал-асрар. СПб.: издательство Санкт-Петербургского университета, 2006.
  • Вильданова А. Б. О состоянии науки в среднеазиатских городах XVI - первой половины XIX века. — 1989. — № 7.
  • Өзбекстан тарихы. 3 том. Таш., 1993.
  • ​A Turkic Medical Treatise from Islamic Central Asia: A Critical Edition of a Seventeenth-Century Chagatay Work by Subḥān Qulï Khan. Edited, Translated and Annotated by László KÁROLY. Brill’s Inner Asian Library. Volume 32. Editors: Michael DROMPP; Devin DEWEESE; Mark C. ELLIOTT. Leiden, 2015.
Жоғары