Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

{{lang-chg|ندر محمد خان}}"},"Суреті":{"wt":"Chehel Sotoun12.jpg"},"Сурет ені":{"wt":""},"Атауы":{"wt":"[[​II Аббас]] және Нәдір Мұхаммед.{{sfn|Sangirova|2017|p=

Нәдір Мұхаммед

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нәдір Мұхаммед
шағат.: ندیر محمد خان
шағат.: ندر محمد خان
Нәдір Мұхаммед
​II Аббас және Нәдір Мұхаммед.Шехел-сотун сарайының қабылдау залындағы қабырға суреттерінің бірі.
Лауазымы
Бұхара хандығының ханы
1642  1645
Ізашары Имамқұл хан (1611–1642)
Ізбасары Әбділазиз хан (1645–1681)
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1594 (1594)
Бұхара, Бұхара хандығы
Қайтыс болуы 1651 (1651)
Семнан
Әкесі Дін Мұхаммед
Балалары Әбділазиз хан
Хұсрау сұлтан
Бахрам сұлтан
Сұбханқұл хан
Құтлық сұлтан

Нәдір Мұхаммед (шағат.: ندیر محمد خان; 1594–1651), билік құрған жылдары 1642–1645, өзбектердіңЖәнилер (Аштархан) әулетінен шыққан Бұхара хандығының төртінші ханы.

Билігі

Бұхара хандығының құдіретті билеушісі Имамқұл хан (1611–1642) билігінің соңына қарай жанарынан айырылып, тақты інісі Нәдір Мұхаммедтің (1642–1645) пайдасына босатуға шешім қабылдады.

Екі рет таққа отыру рәсімі өткізілді: бірі Самарқандта, кейін Бұхарада. Нәдір Мұхаммед таққа отырғанға дейін Балх аймағында билеуші болған.

Нәдір Мұхаммед ханның билігі кезінде (1642—1645) Түркістан мен Ташкент Аштархан мемлекетінің құрамында қалды. Бұл туралы Қыпшақ хан былай деп куәлік етеді: «Түркістанның ең шалғай жерлерінен Мұрғаб өзенінің жағалауына дейін құтпа оқылып, теңгелер оның есімімен әрленді». Алайда халық Аштархан билігіне қарсы шығуын тоқтатпаған көрінеді, себебі сол автордың айтуынша, Нәдір Мұхаммед «Әндіжан мен Түркістанның істерін реттеу және ретке келтіру үшін Назарбай бұрути мен әмірлердің көп бөлігін жіберген».

Нәдір Мұхаммед хан хандықтағы саяси күштердің тепе-теңдігін сақтай алмады, соның салдарынан мемлекет орталықтан тепкіш күштердің әсерінен ыдырай бастады. Бұл жолы толқулар Ходжентте белең алды. Ходженттегі бұл оқиғалар бүкіл Бұхара хандығына таралды. Көтеріліс өте күшті болғаны сонша, тіпті Нәдір Мұхаммед ханның қарамағындағы әскер де бүлік шығарды. Оған бірнеше жақын адамымен бірге Балхқа қашуға тура келді. Алайда мұнда оған қарсы тіпті өз ұлдары да бас көтерді. Нәдір Мұхаммед хан қауіпті деңгейге жеткен бүлікті баса алмады. Оған көмекке Бабырдың ұрпағы, Үндістан билеушісі Шах Жаһанды (1623–1659) шақыруға тура келді.

Көп ұзамай Бұхара ханына Үндістаннан келген әскердің негізгі мақсаты Бұхара хандығының бір бөлігін басып алу және оның өзін тұтқындау екені белгілі болды. Хан үлкен қиындықпен Иранға өтіп, шахтан Бұхарадағы билігін қалпына келтіруге көмек көрсетуді сұрады.

Сол уақытта Ходжентте Назарбай Санжар сұлтанды өлтірді, ал хан тағына Үндістан мен Иран әскерлеріне қарсы күресті басқарған Әбділазиз (1645–1680) отырды. Ходженттегі толқулар Бұхара хандығының тағдырына әсер етіп, Нәдір Мұхаммед ханға қарсы бүліктің шығуына, үнді және иран әскерлерінің басып кіруіне, соңында Нәдір Мұхаммед ханның биліктен бас тартып, оның орнына Әбділазиз ханның келуіне себеп болды.

Нәтижесінде Нәдір Мұхаммед хан сефевилерге қарай, Балхқа қашуға мәжбүр болды, ал Бұхара тағына оның ұлы Әбділазиз хан (1645–1680) отырды.

Сыртқы қарым-қатынастары

​Нәдір Мұхаммед ханның билігі тұсында Ресеймен белсенді дипломатиялық және сауда байланыстары орнатылды.

1642 жылы Михаил Федорович Бұхараға Горохов пен Грибов бастаған елшілікті жіберді.

1644 жылы Нәдір Мұхаммед хан Мәскеуге Қазы Ноғай есімді елшісін аттандырды.

Мәдениет саласындағы саясаты

​Нәдір Мұхаммед ханның бұйрығымен белгілі ғалым Махмұд ибн Уәли «Бахр әл-асрар» (Сырлар теңізі) атты әйгілі энциклопедиясын жазды.

Қайтыс болуы

​Нәдір Мұхаммед хан 1651 жылы қажылық кезінде дүниеден озды, ол Медине қаласында ағасы Имамқұл ханның қабірінің қасына жерленген.

Әдебиет

  • Өзбек КСР тарихы. 1 том. Жауапты редактор Я. Г. Гулямов. Таш., 1967.
  • ​Өзбекстан тарихы. 3 том. Таш., 1993.
  • Sangirova D. Isfahon rassomchilik maktabi. — 2017. — № 2.
Жоғары