Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ө

Сұлтанахмет Қожықов

  • Басты бет
  • Сұлтанахмет Қожықов

Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972).

Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 наурыз 1923 (1923-03-10)

Туған жері

Тараз

Қайтыс болған күні

11 наурыз 1988 (1988-03-11)(65 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР

Мамандығы

режиссёр

Белсенді жылдары

1952 - 1985

Бағыты

драма, мелодрама, көркем фильм

Марапаттары
Қызыл жұлдыз ордені
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері

Мазмұны

Өмірбаяны

  • Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүниеге келген. Қорасан қожа руынан шыққан.
  • Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады.
  • Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А.Довженко шеберханасында) бітірген.
  • 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер.
  • 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді.

Фильмографиясы

Режиссер ретінде

  • 1955 - Ана мен бала
  • 1958 - Біз Жетісуданбыз
  • 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
  • 1965 - Шыңдағы шынарда
  • 1969-1970 - Қыз Жібек
  • 1985 - Біздікілерді біл!

Сценарист ретінде

  • 1955 - Ана мен бала
  • 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
  • 1965 - Шыңдағы шынарда
  • 1985 - Біздікілерді біл!

Марапаттары

  • 1970 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілді.
  • 1972 жылы “Қыз Жібек” фильмі үшін Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
  • “Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Balapan (телеарна)

  • Сәуір 06, 2026

    Шортанды ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Фунт стерлинг

  • Сәуір 08, 2026

    Байзақ ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Әлем тілдері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары