«Біз Жетісуданбыз» — толық метражды көркем фильм. 1958 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
| Біз Жетісуданбыз | |
| Мы из Семиречья | |
| |
| Жанры | драма |
|---|---|
| Режиссёрі | Сұлтанахмет Қожықов, Алексей Очкин |
| Сценарийдің авторы | Самуил Улановский, Дмитрий Снегин |
| Басты рөлдерде | Геннадий Карнович-Валуа, Кененбай Қожабеков, Ахмет Шәмиев |
| Операторы | Ескендір Тынышбаев |
| Композиторы | Николай Крюков, Сыдық Мұхамеджанов |
| Кинокомпания | Қазақфильм |
| Мемлекет |
|
| Тілі | орыс |
| Шыққан жылы | 1958 |
Сюжеті
Сюжет негізі революцияға әртүрлі жолдармен келген үш солдаттың новеллаларынан құрылған.
Жетісуда контрреволюция казактарының қалдықтары жиналған күндері соғыстан үш дос - қазақ Нартай, орыс большевигі Павел және ұйғыр Әзім қайтып келеді. Казактар патрулімен қоршалған Верный жанында үш достың жолы тарады.
Көмірленген туған ауыл қирандылары Нартайдың жолына кедергі болды. Туған Жетісу Әзімді аштық пен кедейшілікпен қарсы алды. Большевик Павел астыртынға кеткен жолдастарына контрреволюцияға қарсы байқуатты қару - Ленинның "Жер, бейбітшілік пен бостандық туралы" декретін алып келді. Соғыста большевиктар мен контрреволюционерлердің басты үміті ақ казактарға қосылмаған казак полкы болды. Полктың большевиктер жағына өтуі Кеңес өкіметінің жеңісіне алып келді. Қарулы көтеріліс күндері үш достың жолдары қайта түйісті.
Рөлдерде
- Павел Зернов — Геннадий Карнович-Валуа
- Нартай — Кененбай Қожабеков
- Әзім — Ахмет Шәмиев
- Александр Козырь — Виктор Ахромеев
- Ораз — Мұхтар Бақтыгереев
- Ростовцев — Алексей Глазырин
- Сарымолда — Құрманбек Жандарбеков
- Досов — Нұрмұхан Жантөрин
- Генерал — Николай Михайлов
- Қарабай — Рахметолда Сәлменов
