Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сәду Шәкіров (21.10.1922, Талас ауданында – 10.4.1977, Шу ауданында) – Кеңес Одағының Батыры (30.10. 1943). Ысты руынан шыққан.

Сәду Шәкіров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сәду Шәкіров (21.10.1922, Талас ауданында – 10.4.1977, Шу ауданында) – Кеңес Одағының Батыры (30.10. 1943). Ысты руынан шыққан.

Әскерге шақырылғанға дейін тоғыз класты бітірген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1943 ж. 15 ақпаннан майданда болды. 106-Забайкалье атқыштар дивизиясының 188-Аргун атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысты. Шәкіров Украинада болған шайқаста, Днепрден өту кезінде асқан ерлік пен батырлық көрсетті. 1943 жылы 16 қазанда Лоевоның оңтүстік-батысында жағындағы 138,6 биіктікке алдымен жетіп, оның төбесіне ту тікті. Майданнан оралғаннан кейін Шу аудандағы «Дружба» ауданында еңбек етті.

Сілтемелер

  1. Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Ысты  Алматы: Издательство Өнер, 2003, 2005. — ISBN 9965-595-60-7.
  2. Тараз энциклопедиясы
Жоғары