Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Талас ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік - батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км². Аудан орталығы – Қаратау қалас

Талас ауданы

  • Басты бет
  • Талас ауданы

Талас ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік - батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км². Аудан орталығы – Қаратау қаласы Тараздан солтүстік - батысқа қарай 105 км жерде орналасқан.

Қазақстан ауданы
Талас ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жамбыл облысы

Аудан орталығы

Қаратау

Ауылдық округтер саны

13

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

23

Қала саны

1

Әкімі

Нұрбол Әбдімәжитұлы Жүнісбеков

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°48′35″ с. е. 70°43′27″ ш. б. / 43.80972° с. е. 70.72417° ш. б. / 43.80972; 70.72417 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°48′35″ с. е. 70°43′27″ ш. б. / 43.80972° с. е. 70.72417° ш. б. / 43.80972; 70.72417 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

12,2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

48 983 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (87,96%), орыстар (6,04%), күрдтер (4,12%), басқа ұлт өкілдері (1,88%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Талас ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Талас ауданы

Облыс картасындағы Талас ауданы

 Басқа мағыналар үшін Талас ауданы (Қырғызстан) деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиясы

Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Байзақ ауданымен, батысында Сарысу және Түркістан облысының Бәйдібек аудандарымен, оңтүстігінде Жамбыл, Жуалы аудандарымен шектеседі.

Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңтүстік - батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңтүстік - шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солтүстігі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында ірі кен орындары барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гранит, уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар тағы басқа кен орындары бар.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы –6 – 10°С, шілдеде 24 – 27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 250 мм, Қаратауда 400 мм-ге жетеді.

Табиғаты

Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 17941 ▲41907 ▼31927 ▲34249 ▼32952 ▲53451 ▼50537 ▼48453

Тұрғындар саны 55 117 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (87,25%), орыстар (6,31%), басқа ұлт өкілдері (6,43%). Халықтың аудан бойынша тығыздығы 1 км²-ге 4,4 адамнан келеді. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі оңтүстігі мен оңтүстік - батысында және Талас өзен аңғарында орналасқан. Бұл өңірлерде 1 км²-ге 13 – 15 адамнан келеді.

Ірі елді мекендері:
Ауыл аты Халық саны (2021)
Қаратау ▲28045
Ақкөл ▼2073
Ойық ▲1861
Үшарал ▲1686
Аққұм ▼1201
Шәкіров ▼1156

Әкімшілік бөлінісі

24 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақкөл ауылдық округі 2327 ▼2073 89,1 1212 ▼1088 89,8 1115 ▼985 88,3
Аққұм ауылдық округі 1417 ▼1201 84,8 715 ▼612 85,6 702 ▼589 83,9
Берікқайнар ауылдық округі 2222 ▼1913 86,1 1164 ▼1004 86,3 1058 ▼909 85,9
Бостандық ауылдық округі 1984 ▼1826 92 1032 ▼976 94,6 952 ▼850 89,3
Кеңес ауылдық округі 1796 ▼987 55 949 ▼528 55,6 847 ▼459 54,2
Көктал ауылдық округі 851 ▲1308 153,7 420 ▲666 158,6 431 ▲642 149
Қаратау ауылдық округі 1488 ▼1196 80,4 770 ▼649 84,3 718 ▼547 76,2
Қаратау қалалық әкімдігі 26639 ▲28045 105,3 12817 ▲13724 107,1 13822 ▲14321 103,6
Қасқабұлақ ауылдық округі 950 ▲963 101,4 489 ▲493 100,8 461 ▲470 102
Қызыләуіт ауылдық округі 2151 ▼1705 79,3 1096 ▼901 82,2 1055 ▼804 76,2
Ойық ауылдық округі 2937 ▼2328 79,3 1439 ▼1224 85,1 1498 ▼1104 73,7
Тамды ауылдық округі 1603 ▼1299 81 813 ▼654 80,4 790 ▼645 81,6
Үшарал ауылдық округі 2109 ▼1974 93,6 1139 ▼1061 93,2 970 ▼913 94,1
Шәкіров ауылдық округі 2063 ▼1635 79,3 1042 ▼866 83,1 1021 ▼769 75,3
ЖАЛПЫ САНЫ 50537 ▼48453 95,9 25097 ▼24446 97,4 25440 ▼24007 94,4

Экономикасы

Аудан 1997 жылға дейін, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша биязы жүнді қой, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, түйе, астық, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 11 кеңшардан тұратын. 1997 жылы олар таратылып,әр бағыттағы шаруашылық субъектілеріне бөлінген.

Ауданда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары дамыған. Өнеркәсіп саласында 26 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 4-і мемлекеттік, 22-і мемлекеттік емес кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындардың саны 121.

2021 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 22631,6 млн. теңгені құрады. Көлік саласында (жолдың жалпы ұзындығы 613 км) 4 кәсіпорын бар. Күрделі құрылыстағы қаржы салымы 7611,8 млн. теңге болды. 18219 м2 тұрғын үй салынды. Ауданда ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың саны – 933, оның ішінде 1 өндірістік кооператив, 933 шаруа қожалықтары, 2 ЖШС бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (салыстырылымдық бағамен) 2021 жылы 15361,2 млн. теңгені құрады.

Аудандағы еңбек ресурсының мөлшері: қалада 23,4 мың адам, ауылдық жерде 10,3 мың адамды құрады. Оның ішінде экон. тұрғысынан белсенді халықтың саны 18,5 мың адам (қалада 7,9 мың адам, ауылда 10,6 мың адам). Жалпы еңбек ресурсына шаққанда жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 79,1%.

Ауыл шаруашылығы

Аудандағы ауыл шаруашылығы жарамды жерінің жалпы аумағы 1,044 млн. га, оның ішінде жыртылған жер 25,6 мың га, шабындығы 25,1 мың га, жайылымы 982,4 мың га жерді қамтыған. Барлық жыртылатын жердің 14,7 мың га жері пайдаланылды. Оған 9,2 мың га бидай, 1,5 мың га жүгері, 2,6 мың га көпжылдық шөптер, 220 га картоп, 394 га бау-бақша және 360 га көкөніс отырғызылды.

Ауданда мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Әр алуан шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2021): ірі қара мал –29477 бас, қой мен ешкі – 335167 бас, жылқы – 12859 бас және құс – 38266 болды. Олардан 6311,4 мың тонна ет, 8219,1 мың тонна сүт, 174 тонна жүн, 3557,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Әлеуметтік нысандары

Ауданда жалпы білім беретін 39 мектеп, 4 колледж, 7 балабақша, 9 клуб,8 мәдениет үйі, 20 кітапхана, мұражай, 2 аурухана, 11 мешіт, 3 емхана, 4 фельдш.-акушерлік пункт, 13 фельдшерлік пункт, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және санаторий бар.

Аудандағы ірі кәсіпорындар: мемлекеттік пошта торабы, Ақкөл су шаруашылығы жүйесінің басқармасы, «Қаратау» тау-кен химия комбинаты, «Игілік» көпсалалы кәсіпорны, «Talas Investment Company» ЖШС,«Жамбыл Недр» ЖШС, «Қаратау Про» ЖШС, "Талас 2020" кооперативі және әр ауылдарда ЖШС-тер, ӨК-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Аудан аумағында ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі. Ауданнан 56 Социалистік Еңбек Ері, 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Демократиялық мемлекет

  • Наурыз 25, 2026

    Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті

  • Сәуір 03, 2026

    Қаңлы (тайпа)

  • Наурыз 21, 2026

    Хлор

  • Наурыз 21, 2026

    Буддизм

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары