Текес өзені – Іле алабындағы өзен.
| Текес өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 438 км |
| Су алабының ауданы | 28100 км² |
| Су алабы | Іле алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі Қопыл тау массиві |
| • Координаттары | 42°35′01″ с. е. 79°40′03″ ш. б. / 42.58361° с. е. 79.66750° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Іле өзені |
| • Орналасқан жері | Қытай жеріндегі Қарабура ауылының тұсы |
| • Координаттары | 43°34′33″ с. е. 82°32′50″ ш. б. / 43.57583° с. е. 82.54722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°34′33″ с. е. 82°32′50″ ш. б. / 43.57583° с. е. 82.54722° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысының Райымбек ауданы мен Қытай жерінде |
Бастауы
Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі Қопыл тау массивінен басталып, Қытай жеріндегі Қарабура ауылының тұсында Іле өзеніне құяды. Теріскей Алатауы баурайында екі аттас қайнар көзі – сол және оң Текес орналасқан. Өзенге Қазақстан аумағында 10 ағын құйылады. Олардың ең ірілері - Орта-Көкпақ, Үлкен-Көкпек және Баянкөл.
Географиялық орны
Алматы облысының Райымбек ауданы мен Қытай жерінде. Текес ауылынан төмен жасанды су қоймасы, су торабы және ГЭС бар.
Гидрологиясы
Жалпы ұзындығы 438 км, оның 218 км-і Қазақстан аумағы арқылы ағып өтеді. Су жиналатын алабы 28100 км2. Аңғары жоғары бөлігінде тар, терең шатқалмен ағады, төменгі ағысы жазықпен ағып, арнасы мемлекеттік шекараға дейін кеңейеді. Орташа су ағымы Текес тұсында 9,02 м2/с.